Туберкулез бен Covid - 19 диагностикасы тегін. Егер сізді 2 аптадан аса жөтел мазаласа дәрігерге қаралыңыз, арнайы ПТР тест арқылы себебін анықтайды. Туберкулезді сәтті емдеу үшін дер кезінде дәрігерге қаралып, анықтау маңызды.
Шетелдіктерді (оның ішінде РФ азаматтарына) жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша шетелдік мамандарды сертификаттау рәсімін түсіндіру (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес):
Өте күрделі, сирек кездесетін «Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, үздіксіз қайталанатын прогрессивті ағым (Верлгоф ауруы)» диагнозымен, 26 жастағы пациент жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылды. Аурухана түскен кезде тері астындағы гематомалар мен терінің көгеруіне, орташа әлсіздікке, мезгіл-мезгіл бас ауруына, ұйқышылдыққа және дене салмағының артуына шағымдары болды. Бұл туралы Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады.
✅ Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық аурухананың №1 нейрохирургиялық бөлімшесінің 64 жастағы пациенті көптеген жылдар бойы белдің тұрақты түрде ауырсынуына шағымданған. Ұзақ жүрістен және үнемі бір қалыпты жүру мүмкін еместігі салдарынан, ауырсынумен 50 метрден артық жүре алмайтын, одан әрі ауырсыну белгілері күшейіп, аяқтың жансыздануы пайда болады.
✅Ашық есік күні барысында тіркелген тұрғындарға отбасын жоспарлау мәселелері бойынша терапевт - дәрігер және акушер-гинеколог бейінді мамандар консультация жүргізді. Қатысушылар мамандармен кеңесіп, өздерін мазалап жүрген сұрақтарға нақты, әрі толық жауап алды.
Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.
30 тамызда біз еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеміз.
Барша қазақстандықтарды айтулы к8нмен құттықтаймыз! Бейбітшілік пен мейірімділік,денсаулық пен бақ-береке, тұрақтылық пен өркендеу тілейміз!
✅ Алматы қалалық №7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған іс-шаралар аясында бекітілген тұрғындар үшін ашық есік күні өтті.
✅ Ашық күнге келгендердер жалпы тәжірибелік дәрігерлер, оториноларинголог, офтальмолог, хирург, невропатолог мамандарына қаралып, кеңес алды. Сондай-ақ, қандағы глюкоза мен холестеринді анықтауға арналған экспресс-тест тапсырып, электрокардиограмма жазуға мүмкіндік берілді.
✅ Сонымен қатар, емхананың медицина қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2022 жылдың 5 тамызында «Аманат» партиясының «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы қызметкерлерінің биыл 1-сыныпқа баратын 145 балаларына мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер берілді.