Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Дарсонвализация – газ толтырылған шыны электрод, вакуум кернеумен және жиі жоғары импульсты ток арқылы әсер етеді. Прибордың әсер ету спектрі ауқымды: дарсонваль тері ақаулары кезінде, соның ішінде целюллит кезінде, остехондроз, ұйқы қашу және т.б көптеген аурулар кезінде көмектеседі. Дарсонвализацияның толық курсы бас ауруларынан және шаршау сезімінен арылтады, иммунитет көтеріп пен жұмысқа қабілеттілікті арттырады.

Дарсонвализация-жоғары жиі импульсты токтармен организмнің сілеймелі қабығы мен тіннің сырқы қабатына физиотерапиялық әсер етеді. Бұл әдіс авторы француз физиологы және физигі Жак Арсен д’Арсонваль ( Arsène d'Arsonval) атымен аталады.

                         

Дарсонвализация сілеймелі қабық пен тіннің сыртқы бұзылуларын, сондай-ақ шаш жамылғысын емдеу мақсатында қолданылады. Бұдан басқа, дарсонвализация косметикалық процедуралар жасау кезінде қолданылады. Дарсонвализация дерматология, косметология, хирургия, урология, гинекология, невропатология да, сонымен қатар ішкі ағзаларды емдеу кезінде пайдаланылады.

Дарсонваль аппаратын жиі қолдану нәтижесінде қанайналымы жақсарады, терінің асты мен сыртында биохимиялық алмасулар белсендіріледі, тіндердің оттегімен қоректенуі күшейеді, сыртқы тітіркену рецепторларының ауырсынуы сезімталдық деңгейі азаяды, бұл ауырсынуды басу эффектісін қамтамасыз етеді.

Дарсонвал аппаратын жиі қолдану нәтижесінде орталық нерв жүйесінің қызметі жақсарады, ұйқы режімі бір қалыпқа келіп, жұмысқа қабылеттілікті жақсартады; тамыр тонустары қалыпты жағдайға келеді, бас аурулары, шаршау сезімі кетеді, организмнің иммунитеті көтеріледі.