Нефрология
Нефрология бөлімшесі 1991 жылы 60 төсек орынға арналып ашылды, бөлімше қызметінің негізгі мақсаты бүйрек ауруы, бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, бүйректің созылмалы терминалды жеткіліксіздігімен науқастарды диагностикалау және емдеу.
Нефрология бөлімшесі қала бойынша жалғыз, тәулік бойы бүйрек ауры науқастарына жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсететін арнайы бөлімше.
Шынар Әбілханқызы Сарсенова
нефрология бөлімшесінің меңгерушісі Емшара кабинеті
Бөлімшеде келесі ауру түрлеріне емдеу жүргізіледі:
- бүйректің алғашқы жіті және созылмалы аурулары: пиелонефриттер, гломерулонефриттер, интерстициальды нефриттер, соның ішінде бүйрек дамуының туа біткен және тұқым қуалау, дәрілік аномалиялары, бүйрек поликистозы.
- Артериялық гипертония,қант диабеті, подагра, жүйелі аурулар кезінде(қызылжегі, ревматоидтық артриті,васкулиттер), жүрек-тамырлық аурулар кезінде бүйректің зақымдануының қайталануына;
- Гемодиализ терапиясы қажет емес, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі науқастарына,сондай-ақ бүйректің толықтырғыш терапия емін қабылдайтындар үшін -бағдарламалық диализ.
Бөлімшеде төмендегідей емдік іс-шаралар жүргізіледі:
- Несеп жолдары инфекциясын емдеу;
- Созылмалы гломерулонефрит, жүйелік ауру салдарынан бүйрек зақымдануы, салдарлық нефропатиялар, гипертониялық және диабеттік нефропатиялар, созылмалы гломерулонефритте иммунносупрессивтік терапия, нефропротективтік терапия;
- Науқастардың диализге дейінгі мерзімде және бүйректің созылмалы терминалды жеткіліксіздік деңгейінде бүйрек анемиясын емдеу;
- Созылмалы гемодиализ бөлімшесімен бірлесе:
- Пациенттерге диализге дейінгі дайындық жүргізіледі: қосұңғылы катетерді орнату, артерия-веналық жыланкөздің қалыптасуын;
- нефрологиялық науқастарды емдеу жиынтығында плазмоферез қолданылады.
- табанды нефротикалық синдромның түрлі пайда болуында оқшауланған ультрасүзу емшаралары қолданылады
Бөлімшенің негізгі ғылыми бағыттары:
- бүйрек ауруларын емдеудің тиімді стандарттарын/схемаларын қалыптастыру. ҚР жетекші нефрологтарымен бірлесе емдеу стандарттарын қалыптастыру.
- БСА, нефропатияның өршуін алдын алу, аурудың емдеу барысында асқынуын және терапиялық асқынуды болдырмау
- Симптоматикалық терапияның қауіпсіз және тиімді әдістерін құрастыру, сондай-ақ артериялық гипертензияны, су-электролиттік протеинді және липоидттік алмасуды түзету.
Бөлімше Қазақстан Республикасы, Ресей, Беларус Республикасы, Түркияның жетекші клиникаларымен тәжірибелік серіктестігін жалғастыра береді.