Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
     

        Бөлімше меңгерушісі
   Сахипов Муса Меңдібайұлы
   2 70 86 06 (ішкі 269)

Гепатопанкреатобилиарлық хирургиялық орталықпен жоспарлы хирургиялық бөлімше және бауыр трансплантациясы
Гепатопанкреатобилиарлық хирургиялық орталықпен жоспарлы хирургиялық
бөлімше және бауыр трансплантациясы
Бөлімше меңгерушісі Сахипов Муса Меңдібайұлы
2 70 86 06 (ішкі 269)

Алматы қ. №7 Қалалық клиникалық ауруханасында 2013 жылдан бастап жоғары мамандандырылған гепатопанкреатобилиарлық хирургиялық бөлімше жұмыс істейді-

Бұндай бөлімшенің ашылуы уақыт талабына сай бауыр, өт жолдары және ұйқыбездің түрлі ауруларын сапалы емдеу қажеттілігінен туындады, жаңа технологиялар енгізілуімен ішперде қуысы ағзаларына түрлі жоғары мамандандырылған операциялар мен хирургиялық араласудың түбегейлі жаңа принциптері бойынша орындау мүмкіндігі туды.

Гепатопанкреатобилиарлық хирургиялық орталықпен жоспарлы хирургиялық бөлімше және бауыр трансплантациясы бөлімшесінің меңгерушісі Сахипов Муса Меңдібайұлы-жоғары санатты хирург, медицина ғылымдарының докторы, С.Д. Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ №2 резидентура және интернатура кафедрасының профессоры, РЖҒА шетелдік мүшесі,Ұлт лидерінің ғылым және техника саласы бойынша - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, гепатолог-хирургтар, трансплантолог,онколог,ТМД елдері және Ресей гепатолог-хирургтары және Қазақстан эндоскопиялық хирургтары ассоциациясының нақты мүшесі.

ҚР патенттері мен 11өнертабыстың,110 астам ғылыми мақалалардың авторы.

Мамандандыру: хирургия (шұғыл, абдоминалдік,жалпы), рентгенхирургия, лапороскопиялық хирургия, торакаьдық хирургия, онкология, бауырды клиникалық трансплантаттау, ұйқыбезді және ересектер мен балаларда бүйректі трансплантаттау, хирургия бойынша сараптама.

Негізгі ғылыми бағыт- бауыр және ұйқыбездің физиологиясы, морфологиясы және патофизиологиясы, асқазан-ішек жолдары ағзалары, асқорыту ағзалары тамырлық ауруларында, бауырдың жергілікті-таралған ошақты зақымдануы кезінде реконструкциялау-қалпына келтіру және аралас, ауқымды операциялар,бүйрек және ұйқыбез, бауыр трансплантациясы, ішперде қуыс ағзаларының түрлі хирургиялық аурулары кезінде инновациялық технологиялар.

 

       

               Альвеококкоз печени                    Аппендэктомия лапароскопическая     Аппендэктомия эндовидеохирургическая

     

    Большая опухоль печени с распадом             Гемигепатэктомия у донора                           Гигантский ГЦР - КТ печени

Гепатопанкреатобилиарлық хирургиялық және бауыр трансплантациясы орталығымен жоспарлы хирургиялық бөлімше қызметінің негізгі ғылыми-практикалық бағыты:

1.Аз жарақаттаушы лапароскопиялық және эндоскопиялық амалдарына басымдықпен өттас аурулары және оның асқынуларын хирургиялық емдеу (холедохолитиаз, механикалық және жалған сарыауру,іріңді холангит)

2. Заманауи ерекше техникалық жабдықтандыруды пайдаланып дәстүрлі технологиялармен және заманауи лапароскопияны қолданып көкбауырдың және ұйқыбездің,бауырдың ошақты ауруларын емдеу.

3. Кароли ауруы, холедох жылауығы, гепатикхоледох және бауырішілік өттүтіктің жоғары тыртық тарылысы түрлі деңгейлі асқынуларында, бауырішілік және тыс өттүтіктің бастапқы және алыс зақымдануына реконструкциялық хирургиялық араласу.

4. Ішперделік кеңістіктің сыртында, өзге ішперде қуыс ағзаларына және тоқішек, асқазан, өңештің түрлі нозологиясында дәстүрлі және лапароскопиялық араласу.

5. Туыстық донор ағзасын дәстүрлі және эндовидеохирургиялық әдіспен алу, қант диабеті және бүйректің терминалдық созылмалы ауруларында ұйқыбез және бүйрек трансплантациясы.Алдағы жоспар туыстық және мәйіттік бауыр трансплантациясын дамыту және әрі қарай жетілдіру, ұйқыбез және бүйрек трансплатациясын дамыту.

         

         

      желудочная трубка (новый пищевод)                 кавернозная гемангиома печени - этапы          опухоль печени - удаленный макропрепарат

           при экстирпации пищевода                                   гемигепатэктомиии справа

Операциялық блоктың жиынтығында соңғы үлгідегі заманауи техникалық жабдықтар, сонымен бірге, интраоперациялық УДЗ, аргонды-плазмалық коагуляция, үйлесімді ультрадыбысты скальпель, ультрадыбысты және су ағымды дезинтегратор ERBE JET 2, өз қаныңды реинфузиялау үшін CUSAExcell+ аппарат(Секвестр) су ағымды диссектор, Level 1 қанды жоғары жылдамдықпен перфузиялау аппараты, соңғы үлгідегі заманауи хирургиялық бұйымдардың алуан түрі және халықаралық стандарт шығыс материалдары бар.Жоғарыда аталғандар хирургтарға науқастың өміріне ең аз қауіппен күрделі операциялық араласуды орындау, тікелей хирургиялық емдеу нәтижесін жақсартуға ықпал етіп және операцияның жарақатын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда соңғы кезде өзекті мәселелердің бірі, түрлі генездегі механикалық сарыауру (соның ішінде постхолецистэктомиялық аурулар), бауырдың ошақты зақымдануы,ұйқыбез, ішперде қуысы ағзаларының өзге де ауруларын құрама және хирургиялық емдеу.Осыған байланысты,бөлімшенің арнайы қызметінің негізгі бағыты диагностикалау, науқастардың бауырдың ошақты зақымдануы,өт шығу жолдары,ұйқыбез, ішперде қуысы ағзаларының өзге де ауруларын хирургиялық емдеу және оперативті көмектің тиімді тактикасын таңдау.

Науқастың өт-тастық аурулары (өтқалталық және өттүтік тастары) бөлімше қызметкерлері өт шығатын жолдарға аз-жарақатты эндоскопиялық операциялар (лапароскопиялық холецистэктомия, холангиография, холедохолитэкстракция; эндоскопиялық папиллотомия және шағын-қолжетімді операциялар) барлық қажетті көлемі жасалады. Эндоскопиялық операциялар пациенттің стационарда болуын 2-5 күнге және операциядан кейінгі оңалту мерзімін 2-3 аптаға дейін қысқартады.

Бөлімшеде УДЗ бақылауымен шағын-инвазивтік араласулар жүргізіледі, КТ- механикалық сарыауру кезінде өт шығару жолдарын дренаждау, ішперде қуыс ағзаларына және бауыр абсцесі,ұйқыбездің сұйықтық пайда болуларын дренаждау.

Алматы қ. №7 ҚКА жоспарлы хирургиялық бөлімшенің қызметкерлері гепатопанкреатобилиарлық хирургиялық және бауыр трансплантациясы орталығымен клиниканың аралас мамандарымен бірлесе заманауи зерттеу әдістерінің барлық түрлерін жасайды:ультра дыбыстық зерттеу (УДЗ), портальдік жүйенің тамырларына допплерография,болюсты контрастылау мультиспиральді компьютерлік томография,лапароскопия, эндоскопиялық ретроградты холангиопанкретография (ЭРХПГ), тері-бауыр арқылы холангиография және түтік жүйесін дренаждау.Операциялық блоктың жиынтығында ТМД елдерінде аналогы жоқ, ультра заманауи класының Рhilips ангиографы, қанды реинфузиялау аппараты СUSAExcell+, ERBE JET 2 су ағымды дезинтегратор, үйлесімді ультадыбыстық скальпель бар.Жоғары да аталған жабдықтар хирургтарға ең күрделі операцияларды пациенттің өміріне аз қауіппен, операцияның жарақаттығын барынша азайтады және хирургиялық емдеудің нәтижесін жақсартуға және пациенттің операциядан кейінгі өмірін жақсартуға тікелей әсер етеді.

Заманауи техникалық жабдықтандыруды пайдаланып негізгі және бірегей

операциялар жасау

бауырдың паразитті емес жылауығын жою

Эхиноккэктомия

Бауыр гемангиомасы энуклеациясы

бауырды ауқымды және үнемді резекциялау ( атиптік,сегменттік, анатомиялық оң және кеңейтілген гемигепатэктомия)

Ұйқыбезге резекциялық араласу ( стандартты панкреатодуоденальдық және пилоросақтаушы резекция, дистальдік резекция,ұйқыбездің басын резекциялау)

Спленэктомия (дәстүрлі және лапароскопиялық, hand-assistant)

холедохолитиаз кезінде холедохолитотомия, трансдуоденальдік папиллосфинктеропластика

өттүтікке реконструкциялық операциялар (гепатикоеюностомия,би-,три-,тетрахолангиоеюностомия)

өттүтікке және ішперде қуысына патологиялық жиналып қалуларды малоинвазивтік дренаждау (тері-бауыр арқылы сыртқы пункциялық дренаждау,тері арқылы пункциялық холецистостомия)УД және КТ бақылауымен бауырға пункциялық биопсия

емдеу-диагностикалық эндоскопиялық манипуляциялар (ретроградты эндоскопиялық холангиопанкреатография, өттүтіктерін стентирлеу,эндоскопиялық папиллосфинктеротомия,литотрипсия,литоэкстракция)

Жалпы хирургиялық операциялар: эзофагопластикамен өңеш экстирпациясы, кеңейтілген лимфодиссекциямен гастрэктомия,герниопластика, асқазанды резекциялау,түрлі вариантта тиреоидэктомия, тоқішекті резекциялау,тікішекті резекциялау және т.б

Қазақстанда соңғы кездегі өзекті мәселе ішперде қуыстарын, ұйқыбезді, бауырдың ошақты ауруларын құрама ем немесе хирургиялық емдеу.Осыған байланысты, бөлімшенің негізгі бағыты ұйқыбез,өт шығу жолдары және бауыр патологиясы бар науқастарды диагностикалау және емдеу.

Бөлімшеде өт шығарушы жолдарға аз-жарақатты эндоскопиялық оперциялардың(лапароскопиялық холецистэктомия, эндоскопиялық папиллотомия және холедохолитэкстракция,шағын-қолжетімді операциялар) барлық қажетті жиынтығы жасалады,науқаста өттас ауруларында (өтқалта және өттүтіктегі тас)

Эндоскопиялық операциялар науқастың стационарда болу мерзімін 3-5 күнге, операциядан кейінгі оңалту мерзімін 1,5-2 аптаға дейін қысқартады.

Бөлімшеде УДЗ бақылауымен шағын-инвазивтік араласулар жүргізіледі, КТ- механикалық сарыауру кезінде өт шығарушы жолдарын дренаждау, ішперде қуыс ағзаларына және бауыр абсцесі,ұйқыбездің сұйықтық пайда болуларын дренаждау.

№7 ҚКА гепатопанкреатобилиарлық хирургиялық орталықпен және бауыр трансплантациясы ақылы хирургия бөлімше жағдайында барлық заманауи тексеру әдістері жүргізіледі: ультра дыбыстық зерттеу (УДЗ) , тамырдың гепато-гастро-панкреато-дуоненальдық аумаққа УДДГ, магнитті-резонанстық холангиопанкретография,болюсты контрастирлеумен мультиспиральді компьютерлік томография,лапароскопия, ретроградты эндоскопиялық холангиопанкреатография (ЭРХПГ),тері-бауыр арқылы холангиография.

Бөлімшеде заманауи және альтернативті технологиялармен пациенттердің келесі ауруларына арнайы және жоғары мамандандырылған хирургиялық көмек көрсетіледі:

  • Бауыр эхинококкозы және эхинококкоз ауруы
  • Бауыр альвеококкозы
  • Бауыр жылауығы
  • Гепатикохоледох жылауығы және Кароли ауруы
  • Бауыр поликистозы
  • Бауыр гемангиомасы
  • Бауырдың алғашқы ісігі (қатерлі-қатерсіз ісік)
  • Бауырдың метастатикалық обыры
  • Көкбауыр хирургиялық ауруы
  • өтқалта ісігі және ұйқыбез жыланкөзі, вирсунголитиаз
  • Фатерова емізік обыры
  • Ұлтабар дивертикулы және обыр
  • Өт қалтаның холестерозы,полипоз,полип
  • Өттастық аурулар-холецистолитиаз,холедохолитиаз
  • Постхолецистэктомиялық синдром және өттүтіктердің түрлі асқынуларының тыртық тартылысы (I-IV түрлері)
  • Жалпы хирургиялық сала аурулары (рецидивты, көпкамералы, құрсақ қабырғасының алып жарығы,шап және сан жарығы, қалқанша без және тікішек,ойықжаражәне асқазан обыры, тоқ ішек және т.б)

Гепатопанкреатобилиарлық хирургиялық орталықпен жалпы хирургиялық бөлімшесінің стратегиялық даму жоспарындағы болашақ бағыты:

  • аумақтық химиотерапиямен радиожиілік термоаблация әдісімен резектабельді емес бауырдың қатерлі ісігін құрама тәсілдермен хирургиялық емдеу
  • Туа біткен ақаулар және гепатопанкреатобилиарлық ағзалар жүйесінің орфанды ауруларында, холедох жылауығы кезінде радикалды эндовидеохирургиялық араласу.
  • Ұйқыбез және мәйіттік және туыстық бауыр трансплантациясын енгізу және дамыту, бүйрек трансплантациясын әріқарай дамыту.
  • 2013-2015 ж.ж бауыр трансплантациясы және НРВ орталығымен жоспарлы хирургия бөлімшесінің стратегиялық жоспарындағы болашақтағы бағыты
  • Аумақтық химиотерапиямен радиожиілік термоаблация әдісмен бауырдың резектабельді емес қатерлі ісігін хирургиялық емдеу құрама амалдары
  • туа біткен даму ақаулар және гепатопанкреатобилиарлық ағзалар жүйесінің орфанды аурулары,холедох жылауығы кезінде радикалды эндовидеохирургиялық араласу
  • асқазан-ішек жолдары ісігін хирургиялық емдеу инновациялары және оперативтік көмектің радикалды амалдарын жетілдіру
  • Ұйқыбез және бауырдың терминальдық аурулары пациенттерге ортотопиялық ұйқыбез және туыстық және мәйіттік бауыр трансплантациясын дамыту

Бөлімшелерде емделген пациенттерді диспансерлік бақылау, госпитализациялауға жіберу, жүргізу тактикасын және операциялық емнің қажеттілігін анықтау, ішперде қуыс ағзалары және ұйқыбез, өт жолдары, бауырдың хирургиялық ауруларымен пациенттерге жоспарлы арнайы медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіру мақсатында №7 қалалық клиникалық ауруханасының базасында жалпы хирург, трансплантолог, гепатолог-хирургтың арнайы консультациялық қабылдауы жүргізіледі.