№4 нейрохирургиялық бөлімше
4- нейрохирургиялық бөлімшенің меңгерушісі
Ермек Кавтайұлы Дюсембеков Алматы қ. N7 ҚКА Call-орталығының Пациенттерді қолдау және ішкi аудит қызметі: |
Бөлімше тарихы
№4-нейрохирургиялық бөлімше Алма-Аты қаласының №2 қалалық клиникалық ауруханасының базасында 60 төсек орынға арналып, сонау 1958 жылы құрылды және бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы көне нейрохирургиялық бөлімше болып саналады.
Науқастарда орталық нерв жүйе ісіктері, жұлын және омыртқа аурулары мен зақымданулары, сондай-ақ балаларда ісік пен ОНЖ даму ақауына көмек көрсететін жалпы хирургиялық бөлімше ретінде ашылды.
1991 жылы №7ҚКА ауысқаннан кейін №4 НХБ бөлініп арқалық және балалар бөлімшесі -екі дара бөлімше болып құрылды. 2007 жылдан бастап балалардың онкологиялық және ОНЖ туа біткен ақауларын емдеу қолға алынды.Бұл бөлімше Қазақстандағы нейроонкологиялық науқастарды емдеуде жаңа әдістер мен технологияларды клиникалық тәжірибеде қолданып жүрген орталықтардың бірі. №4 НХБ құрылған сәттен бастап,осындай стационардың 3 нейрохирургиялық бөлімшелері секілді, Алматы Мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының нейрохрургия кафедрасының клиникалық базасы болып табылады.
Бөлімшені 30 жыл бойы Қазақстанның нейрохирургия саласының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, жоғары санатты нейрохирург, республикалық „Алтын скальпель„ сыйлығының иегері Мейман Кожекұлы Кожеков басқарды.
Әр жылдары бөлімшеде атақты нейрохирургтар М. Г. Искаков, Л. А. Гофман, Ю. М. Дрогунов қызмет атқарды. Көп жылдар бойы доценттер Е. А. Азарова және В.Е. Ейгинсон, профессор С. К. Акшулаков күрделі операциялар жасады.
Қазір бөлімшеде Е.К. Дюйсембеков, Б.С. Исатаев, Г.Ж. Аханов, А.М. Искаков, А.К. Жәнісбаев, К.А. Никатов, К.Ю. Ли жұмыс істейді.
М.К. Кожеков Ю.М. Драгунов С.К. Акшулаков
Бөлімшеде аурудың келесі түрлеріне операциялар жасайды:
- Бассүйек күмбезі ісігіне және оның жұмсақ сыртқы қабына
- Жылауықты ісік, абсцестер, окклюзиялық жіті синдром
-Мукоцеле және мұрын қуысы остеомасы
- Ми және мишықтың үлкен жартышары, миішілік қыртысасты ісігі
- Конвекситальды менингиомалар
- Бассүйек түбі менгиомасы (ольфакторлы шұңқыр, аумақ, түрік ершігінің төмпешігі және диафрагмасы,негізгі сүйек қанаты, мишық-көпірлік бұрышы және т.б)
- Фалькс және тенториум, сильвиева саңылау менингиомасы
- Супра және субтенториальды көшік ісігі
- Мишық-көпірлік бұрышы ісігі ( невриномалар, холестеатомалар)
- мидың үшінші қарыншасының жылауығы және ісігі
-Гипофиз аденомасы ( трансназальдық — транссфенойдальдық және транскраниальдық жолмен барып сылып тастау)
- Көру нервісінің және хиазмалық глиома
- Эндо- және супраселлярлы, интравентрикулярлы краниофарингиомалар
- краниоцервикальдық ісіктің орналасуы
- Пинеальдық аумақ ісігі
-Шашыранды ісіктер
-Мидың метастаздық абсцесі
- Гидроцефалия (қабынудан кейінгі, жарақаттан кейінгі)
- перифериялық нерві ісіктері
- Үштармақты нерв неврологиясы
- Гемифасциальдық спазм
- Каверналы ангиома
- Мидың жарақаттық ауруы, бассүйек күмбезінің жарақаттан кейінгі ақауы
- Мидың арахноидальдық және өзге де церебральды жылауығы. Мидың паразитті зақымдануы (эхинококкоз).
- Арнольда-Киари синдромы
- Денди-Уокера синдромы
- Ми-бассүйек жарығы
-Ми эхинококкозы
Менингиомалар- бұл баяу өсетін, жақсы бөлінген қатерсіз ісіктер. Бассүйек түбіне өсетін менингиомалар жеке топқа бөлінген, себебі олар өмірлік маңызы бар анатомиялық құрылымға жабысып өсуіне және орналасуына байланысты ,оны сылып тастау өте қиын.
Менингиома ММУ Менингиома ММУ
операциядан кейін операцияға дейін
Сильвиева саңылауы менингиомасы Сильвиева саңылауы менингиомасы
операциядан кейін операциядан дейін
дейін операциядан кейін
Миішілік ісіктер- шығу тегі нейроэпителиальдық ісіктердің үлкен тобы, олар ісіктің ауқымды көлемін құрайды, көбінесе оларды мидың алғашқы ісіктері деп атайды.
Бұл ісіктердің негізгі түрлері-
- астроцит, олигодендро глиомалар, эпиндималық ісіктер, аралас глиома, тамыр өрімі ісігі, нейроэпителиома және эмбриондық ісіктер.
мидың оңжақ төбелік бөлігі астроцит глиомасы мидың оңжақ төбелік бөлігі астроцит глиомасы
операциядан кейін операциядан дейін
Мишық жартышары астроцит глиомасы Мишық жартышары астроцит глиомасы
операциядан кейін операциядан дейін