Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Операциялық бөлім №7 қалалық клиникалық ауруханада 1991 жылғы 6 маусымда ашылды.

Бөлімнің салтанатты түрде ашылуына Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаев қатысты.Аурухана қызметінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы және Алматы қаласының тұрғындарына арнайы мамандандырылған, жоғары квалификациялық трансплантология, көп салалы хируриялық көмекті сапалы көрсету.

                                       

            

Қуаныш Бөлегенұлы Байкүбесов -
операциялық бөлім меңгерушісі Шеберлік - класы

                                                           Шеберлік - класы

            

                                                       Шеберлік - класы                                                                                                               

Шеберлік - класы

                                                                                       

                                                                                                                                          


Біздің операциялық бөлімде бауыр,бүйрек,ұйқыбезді трансплатациялау бойынша бірегей операциялар, ішкі ағзаларға, нервілер мен тамырларға, артроскопиялық тіреуіштің көмегімен сүйек пен буындарға оңалту-реконструкциялау операциялары, ми инсультына, ми мен жұлынға және олардың жарақаттық гематома қабықтарына операциялар жасайды.
Барлық операциялар эндовидеохирургиялық және артроскопиялық тіреуіште микрохирургиялық деңгейде операциялық микроскоптың көмегімен жасалады.
Жыл бойы клиникада 11000 мыңнан астам түрлі деңгейдегі операциялар жасалады,осындай ауқымды оперативтік араласуларды жүзеге асыру үшін ауруханада жеке операциялық бөлім жұмыс істейді, жалпы хирургия, гинекология, нейрохирургия, травматология, ортопедиялық және бөлек іріңді хирургияға арналған шұғыл операциялар бойынша 16 үстелге арналған-15 операциялық үстел тәулік бойы жұмыс істейді.Операциялық бөлімнің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін 23 операциялық мейірбике жұмыс істейді, олардың арасында тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары санатты 10 мейірбике және біліктілігі бірінші санатты 3 мейірбике бар.
Әр жылдары операциялық бөлімнің меңгерушісі болған дәрігерлер: В.В.Крючков, М.К.Камалов, Е.А.Айтжанов,А.С. Искаков, К.Ш.Шураева, К.Н.Жаирбаев және қазіргі кезде операциялық бөлімнің меңгерушісі травматолог-дәрігер 1 санатты ортопед Қуаныш Бөлегенұлы Байкүбесов.
Операциялық бөлімнің ұжымы аурухананың ашылу күнінен бастап еңбек еткен К.Ч.Алжанқұлова, А.К. Чавенова,Б.С.Иманбаева, А.У.Азизова,З.Т.Кұракбаева,У.К. Джантаева, К.К.Момбекова және Э.К.Асанбаева сияқты ардагерлерін мақтан етеді, олар ұжымның негізгі тұтқасы мен тірегі, жас мамандардың тәлімгер ұстазы.