Егер Сіз Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде ресми тіркелген болсаңыз, онда сіз үшін медициналық сақтандыруға жарналарды мемлекет төлейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін ай сайынғы жарнаны тұрақты төлеп отыру қажет.
Мемлекет жеңілдікке ие 15 санаттағы азаматтар үшін МӘМС жарнасын төлейді, олардың жалпы саны - 11 млн қазақстандық.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға бюджет қаражаты есебінен беріледі.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен 2020 жылғы қызмет қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер бойынша ҚР ДСМ кеңейтілген алқа отырысында 2021 жылға арналған негізгі бағыттар мен бастамалар туралы ӘМСҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.