МӘМС ЖАРНАСЫН ҮЙДЕ ОТЫРЫП ҚАЛАЙ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін ай сайынғы жарнаны тұрақты төлеп отыру қажет.
Жарнаны онлайн төлеудің ең қолайлы үш әдісі бар.
- Бірінші әрі ең қолжетімді әдіс - жарналар мен шегерімдерді Қазпошта сайты және қосымшасы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы төлеу
- Екінші әдіс - KASSA 24 сайты арқылы төлеу, мұнда да төлем комиссиясыз жүреді
- Үшінші әрі ең жиі қолданылатын әдіс - Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлеу