Инерефлексотерапия
Инерефлексотерапия - организмдегі қан алмасу процесін, қанқамтымды және лимфаағымын жақсартады, энергетикалық жолдарды „ашады„.Адамның әрбір биоактивті нүктесі -бұл көпқабатты құрылым. Шығыс медицинасының ережесі бойынша диагностикадан кейін әрбір пациент үшін инерефлексотерапияның курсын жүргізу үшін нүктелер таңдалып алынады. Әсер ету ұзақтығы мен жиілігі, енгізу тереңдігі және бұрышы инені енгізу техникасына байланысты өзгеріп тұрады. Ине кірген жерлерде химиялық затттар және белгілі энергетикалық әлеует пайда болатыны белгілі. Оның әсерімен организмде ішкі эндорфин гормоны пайда болады- қуаныш гормоны.
Инерефлексотерапия (акупунктура, инесалу)бұл емдеу әдісі, бұлшықет тіні және сілеймелі қабықты, тері рецепторын тітіркендіру арқылы орталық нерв жүйесіне әсер етіп жүзеге асырады. Иглорефлексотерапия сонау көне Қытай дәуірінен бастау алатын ежелден келе жатқан емнің түрі. Сол кездің өзінде ежелгі қытай емшілері үш жүзге жуық биологиялық белсенді нүктелерді білген. Заманауи инерефлексотерапия ежелгі қытай әдісінен ешбір айырмашылығы жоқ, бірақ қазіргі кезде мыңға жуық биологиялық белсенді нүкте анықталды.