Гинекологиялық операциялар
Гинекологиялық бөлімше амбулаториялық қабылдауға және күрделілігі түрлі деңгейдегі гинекологиялық операциялар жасауға бағытталып жабдықталған. Бөлімшеде пациенттердің операциядан кейін жақсы тынығып оңалуы үшін бір кісілік жайлы палаталар қарастырылған.
Жоспарлы және шұғыл операциялар, жатыр миомасы кезінде ағзаны сақтап қалу операциялары, жыныстық мүшелер пролапсы кезінде жамбас түбіне реконстукция-пластикалық операциялар,стресс жағдайында несептің тоқтамауына цистоуретропексия, жатырға және жатыр қосалқыларына лапароскопиялық операциялар, лапароскопиялық гистерэктомия, 12 аптаға дейін жүктілікті үзу, эндометрия патологиясына диагностика, гинекологиялық ауруларды консервативтік емдеу әдістері жүргізіледі.
Лапароскопиялық операциялар
Лапароскопия – бұл оперативтік емдеу әдісі, түрлі көлемді оперативтік араласуларды бұлшық тіні және тері жамылғысына үлкен тілік жасамай, дәлдеп тесу арқылы жасау.
Басымдығы:
- Аз жарақаттық операциялық амал;
- Қысқартылған оңалту мерзімі;
- Косметикалық эффект (көрінетін тері тыртығы болмау).
Гинекологиялық операциялар тізбесі:
- Жатырға және жатыр қосалқысына лапароскопиялық операциялар, лапароскопиялық гистерэктомия;
- Гистерэктомия;
- Эндометриоз;
- Анабез жылауығы;
- Эндометрия патологиясы;
- Жатыр мойнағы эрозиясы;
- Жатыр мойнағы дисплазиясы;
- Гиперплазия, эндометрия полиптері;
- Жатырды інішектік экстирпация;
- Бұтарасына пластикалық операциялар;
- Жатыр қосалқылары қабынуы, жатыр қабынуы;
- Стресс жағдайдағы несептің тоқтамауы;
- Консервативтік миомэктомия.