Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Еспенбетов Есенай Бахытжанович
Анестезиология және
реанимация бөлімшесінің меңгерушісі

Алматы қ. N7 ҚКА Call-орталығының
телефон нөмірі:

8 (727) 228-07-77
Жұмыс уақыты: 8.00-20.00.

Пациенттерді қолдау және ішкi аудит қызметі:
8 (727) 270-86-03 (вн.292);
8 (727) 270-86-06 (вн.292);
Жұмыс уақыты: 8.00-17.00.

Анестезиология және реанимация клиниканың ең ірі бөлімшесі. Бөлімше 24 орынға арналған, штат құрамында 100-ден астам білікті қызметкерлер бар. Бөлімшеде жоғары санатты 5 дәрігер, бірінші санатты 5 дәрігер, екінші санатты 5 дәрігер жұмыс істейді.Орта медициналық құрам қызметкерлерінің 46% біліктілік санаты бар. Бөлімше қызметкерлері күнделікті анестезиологиялық құралдың 30 астам түрін түрлі операцияларға, сондай-ақ ағзалар трансплантациясын қамтамасыз етеді.Анестезиология және реанимация бөлімшесі тәулік бойы ауыр халдегі пациентерге терапиялық, хирургиялық, гинекологиялық урологиялық, неврологиялық және гематологиялық патологиялар бойынша шұғыл және жоспарлы түрде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Өз тәжірибесінде өмірлік- маңызды функциялар тыныс алу, қанайналымы, шығындылар және т.б қызметін қамтамасыз ету үшін ең алдыңғы қатарлы және заманауи әдістерді қолданады, бөлімше қызметкерлері жіті тыныс алу, жүрек-тамырлық, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, жарақаттық және геморрагиялық шок, ми мен жұлынның зақымдану салдарымен күресуді жақсы меңгерген.

Анестезиология және реанимация бөлімшесі осындай жетістіктерге қол жеткізу үшін пациенттің жағдайын үздіксіз және нақты уақыт режімінде бақылауға мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі тыныс алу және монитор аппараттарымен жабдықталған. Бөлімшеде нейрореаниматология, кардиореаниматология және өзге де қиын жағдайлар салалары бойынша жетекші мамандар жұмыс істейді.Жаңа инновациялық технологиялар енгізілуіне байланысты жылсайын емдеу көрсеткіші жақсарып келеді. Өткен жылы инновациялық технологиялардың 20 астам түрі енгізілді. Қазіргі кезде бөлімшеде ауыр халдегі пациенттерді емдеу және үш деңгейлі мониторинг бақылауы жүзеге асырылады. Бөлімше базасында апта сайын ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі, бұл қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге ықпал етеді.

Медициналық құралдармен жабдықталған

Науқастарды операциядан кейінгі бақылау
  • Заманауи наркоз аппараттары
  • Жоғары деңгейлі тыныс алу аппараттары
  • Мониторлар
  • Перфузорлар
  • Инфузоматорлар
  • «Cell Saver» қансақтауға арналған аппарат
  • Инфузиялық ортаны жылытуға арналған аппарат
  • ЭКГ аппараттары
  • Дефибрилляторлар
  • Электроотсостар
  • Барокамералар


Науқастарды операциядан кейінгі бақылау