Мемлекеттік бағдарлама
Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында елiмiздiң дамуының жаңа кезеңiндегi мемлекеттiк саясаттың бiр бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесiн дамыту болуы керек деп атап көрсеттi. Медициналық қызметтердiң сапасы кешендi ұғым болып табылады және ол көптеген көлемдi себептерге байланысты, олардың iшiнде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсiби деңгейiн және оны арттыруға деген уәждемесiнiң болуын, медициналық көмектi ұйымдастыру мен көрсету үдерiстерiн басқарудың қазiргi заманғы технологияларын енгiзудi, медициналық көмекке ақы төлеудiң тиiмдi әдiстерiн енгiзудi бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердiң сапасын басқаруды жетiлдiру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейiн стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.
2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдыққа нақты мiндеттер қойды. Оның iшiнде Нұрсұлтан Әбiшұлы «Саламатты өмiр салты мен адамның өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгi қағидаты - мiне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделiктi тұрмысындағы мемлекеттiк саясаттың ең басты мәселесi болуы тиiс» екендiгiн атап көрсеттi.
Жоғарыда көрсетiлгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазiргi жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiне жүргiзiлген талдау негiзiнде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және iске асыру тетiктерi айқындалды.
Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық өзара iс-қимылды ескере отырып, жоспарланған iс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар көзделген. Медициналық қызметтердiң және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестiк қатынастардың нарығын құру көзделiп отыр.
Бағдарламаны iске асыру медициналық қызмет көрсетудiң шығыны аз нысандарына өту үшiн жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгi мен сапасының деңгейiн арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесiн қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтiк қызметтердi енгiзуге, сондай-ақ халықтың өзiн-өзi сақтау мiнез-құлқының дәйектемесi, медицина персоналының кәсiптiк және жеке өсуi, денсаулық сақтау жүйесiн қоғамның қазiргi талаптарына және нарықтық жағдайларына бейiмдеу үшiн жағдай жасауға ықпал ететiн болады.