Терапия бөлімшесі
Терапия бөлімшесі тәулік бойы науқастарға ішкі ағзалардың түрлі дертіне, арнайы мамандандырылған емдеу-диагностикалық көмек көрсетеді. Пациенттерді госпитализациялау шұғыл және жоспарлы түрде жүргізіледі.
Бөлімше аурулардың келесі түрлерін анықтау және емдеу үшін толық тексеру жиынтығын жүргізеді:
- тыныс жолдары аурулары: пневмония, созылмалы бронхит;
- жүрек-тамырлық жүйесі патологиясы: артериальдық гипертония, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, жүректің ревматикалық созылмалы ауруы,кардиомиопатия, миокардиттер.
- асқорыту ағзалары патологиясы: созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы, асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы;
Бөлімше С.Д. Асфендияров атындағы ҚАЗ ҰМУ №2 интернатура және резидентура кафедрасының клиникалық базасы болып табылады.
Кафедра профессорлары, доценттері мен ассисенттері жоспарлы және ургентті госпитализацияланған науқастарға кеңес беріп, аурудың емдеу тәсілдерін анықтайды. Кафедра меңгерушісі, доценттер мен ассисенттер ауыр науқастарға бақылау жүргізеді және дәрігерлік консилиумдар өткізеді, аурухананың дәрігерлер құрамына арналған ғылыми-практикалық және әдістемелік жұмыстарды жасайды.
Терапия бойынша №2 интернатура және резидентура кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. Н.Е.Айдарғалиева- ЖСЖ бойынша Еуропалық кардиологтар қоғамының Ассоциация мүшесі, Еуропалық кардиологтар қоғамының мүшесі, ҚР кардиологтары Ассоциациясы Президиумының мүшесі, терапиялық сала бойынша жалпы білім беретін бағдарламалар Комитетінің мүшесі, PgD бойынша бірлескен диссертациялық кеңестің мүшесі.
Кафедраның ғылыми қызметінің негізгі бағыты: профилактиканы, диагностикалауды, коморбидтік ахуалды және жүрек-тамырлық аурулардың емдеу барысын қалыптастыру және дамыту .
Ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында кафедра бастамашылық тақырыпты зерттеуде- „Артериялық гипертониямен созылмалы декомпенсацияланған өкпелік жүректің үйлесуі кезінде науқастарда жүрек ырғағы бұзылуы және гемодинамикалық ерекшеліктер„
Терапия бойынша №2 интернатура және резидентура кафедрасының қызметкерлері және терапия бөлімшесінің дәрігерлері бірлесе ішкі патологиялық ауруларды диагностикалау бойынша инновациялық технологияларды белсенді енгізді. 2003 жылдан бастап терапия бөлімшесінің күнделікті практикасына дәйекті медицинаға және халықаралық стандарттарға негізделген 200 астам заманауи әдістер енгізілді.
A.O. Алмаханова — терапия бөлімшесінің меңгерушісі |
Айдаргалиева Н.Е.-зав. кафедрой интернатуры и резидентуры |
Емдеу бөлме |