Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
"Диабет мектебі"жұмысы" Емшара кабинет
Байжанова Гульчехра Арсоановна

Алматы қ. N7 ҚКА Call-орталығының
телефон нөмірі:

8 (727) 228-07-77
Жұмыс уақыты: 8.00-20.00.

Пациенттерді қолдау және ішкi аудит қызметі:
8 (727) 270-86-03 (вн.292);
8 (727) 270-86-06 (вн.292);
Жұмыс уақыты: 8.00-17.00.

Эндокринология бөлімшесі қала бойынша тәулік бойы пациенттерге эндокриндік жүйенің түрлі патологиясына арнайы қызмет көрсететін жалғыз бөлімше. Бөлімше Республикалық клиникалық аурухана құрамында 1974 жылы құрылды.Бөлімшенің қызметі 1991 жылдан бастап №7 ҚКА басталды, тәулік бойы науқастардың эндокриндік жүйе сырқатына жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Бөлімшеде аурудың келесі түрлеріне диагностика жүргізіледі:

1) Қант диабеті науқастарын диагностикалау және емдеу ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медицина ғылымы және білімі инновациялық технологиялар республикалық орталығымен бекітілген және басылымға ұсынылған, консенсуске сәйкес қант диабеті науқастарын диагностикалау және емдеу жүргізіледі.

2) Инсулин помпасына инстоляциялар жасалады және базалық және болюстық енгізу режіміне іріктеу жүргізіледі.

3) Қант диабеті асқынуларын емдеу: диабеттік дисталдық симметриялы полинейропатия н\к, диабеттік ангиопатия.

4) Қалқаншабез ауруларын диагностикалау және емдеу: диффузиялы- уытты зоб, аутоиммунды тиреоидит–хаситоксикоз,жітілеу тиреоидит.

5) Гипоталамо-гипофизиялық ауруларды диагностикалау және емдеу: пролактинома, акромегалия,қантсыз диабет, Шиен синдромы,

6) Бүйрекбез функциясы бұзылуы салдарының ауруларын емдеу және диагностикалау: Иценко-Кушинга синдромы және ауруы, бүйрекбез функциясының созылмалы жеткіліксіздігі.

 

«Диабет мектебі» жұмысы

Бөлімшеде ҚР ДСМ 1996 жылғы 2 қаңтардағы „Қант диабеті науқастарын оқыту жүйесін ұйымдастыру туралы„ №309 бұйрығына сәйкес 7 жылдан астам уақыт „Диабет мектебі„ жұмыс істейді. Мектеп қызметінің мақсаты науқастарда қант диабетін „басқару„ әдеттерін қалыптастыру болып табылады. Мектеп арнайы АМДБЖИ эндокринология кафедрасымен құрастырылған әдістемелік құралдармен, телевизор және видеомагнитофонмен жабдықталған. Оқыту 5 күн бойы арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі.


Жылсайын „Диабет мектебінде„ 580-600 науқас қант диабетін басқаруды үйренеді.

Р.Б Базарбекова мен А.К. Досанованың дайындаған арнайы „Пациенттерді клиникалық диабетология негіздеріне оқыту„ бағдарламасы бойынша „Диабет мектебінде„ науқастарға оқыту жүргізіледі.

Бөлімше жылдар бойы ҚР ДСМ Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының клиникалық базасы болып есептелінеді.

Кафедра меңгерушісі Р.Б.Базарбекова медицина ғылымдарының докторы, эндокринолог-дәрігерлер Ассоциациясы Республикалық Қоғамдық Бірлестіктің төрайымы.

Эндокринология бөлімшесінің меңгерушіс

Емшара кабинеті