№2 нейроинсульттік бөлімше
Бөлімше тарихы
Нейроинсульттік бөлімше Шұғыл медициналық көмек ауруханасының базасында, КСРО Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша 1976 жылы құрылды. Бөлімше 40 төсек орнына арналып ашылды. Нейроинсульттік бөлімше құру мақсаты- бұл науқастарда ми қан айналымы жіті бұзылуын емдеу және оңалту.
Нейроинсульттік бөлімше жұмысы және ұйымдастыру көшінде Алма-Аты Медициналық институтының кафедра қызметкерлері мен профессорлары болды. МҚАЖБ науқастарын емдеу және профилактика тактикасы құрастырылды, аурудың статистикасы жүргізілді, аталған аурудың эпидемиологиясы, этилогиясы анықталды. Бөлімше базасында көптеген ғылыми жұмыстар жасалды, диссертациялар қорғалды, ғылыми мақалалар жарияланды.
1980 жылдары инсульт науқастарының саны көбейді, сол себепті нейроинсульттік бөлімше 60 төсек орынға арналып кеңейтілді.
1991 жылы нейроинсульттік бөлімше №7 ҚКА көшірілді, онда бөлімше 60 төсекке арналып ашылды және 1158 науқас емделіп шықты. Алматы қ. тұрғындар саны өсуіне байланысты, инсульт науқастарының саны көбейді. 1996 жылы 1650 науқас нейроинсульттік бөлімшеде емделуден өтті.
Қазіргі уақытта
2006 жылы №7 Қалалық клиникалық аурухана базасында 60 төсекке арналған, 2 нейроинсульттік бөлімше ұйымдастырылды.
2006 жылы бір жылдың ішінде бөлімшеде 1320 науқас емделуден өтті және орталық нерв жүйесінің жіті тамырлық патологиясымен науқастар саны өсу беталысы байқалады.
2002 жылдан бастап нейроинсульттік бөлімшеде 6 науқасқа арналған интенсивті терапия палаталары ұйымдастырылды. Бұл палаталар функциональды төсектермен, төсек жанындағы мониторлармен, дозаторлармен,электроотсостармен, ЭКГ- аппаратымен, жауыр жараға қарсы матрацтармен жабдықталды.
Интенсивті терапия палатасында инсульт науқастарын реанимациялау және шұғыл көмек әдістерін меңгерген, білікті мейірбикелер мен дәрігерлер жұмыс істейді. Бөлімше ұжымы
АДБЖИ нерв аурулары кафедрасы және анестезиология және реанимация кафедрасымен бірлесе шұғыл көмек және реанимация мәселелері бойынша оқытулар өткізеді.
№2 нейроинсульттік бөлімшенің меңгерушісі М.М. Ибрагимов Дәрігерлер рентген суретін оқуда
2004 жылдан бастап МҚЖБ науқастарын вертикализациялау және инсульт науқастарын ерте оңалту әдістері сәтті жүзеге асып келеді. Бөлімше қызметкерлері ғылыми конференцияларға, ғылыми зерттеулер жұмысына қатысады. Үздік медициналық журналдарда ғылыми мақалалар жарияланды. Кафедралармен бірлесе әдістемелер және инсульт профилактикасы және оңалту шаралары бойынша брошюралар құрастырады, сондай-ақ 2007 жылы инсульттік бөлімше базасында „Инсульт мектебі„ ұйымдастырылды, онда науқастың туыстарына нұсқаулық, инсульт науқастарына денешынықтыру және психологиялық оңалту бойынша сабақтар жүргізіледі.
Бөлімше дәрігерлері республикалық және халықаралық конференцияларға белсенді қатысады. Аурухана әкімшілігімен, нерв аурулары және нейрохирургия кафедраларымен бірлесе инсультты емдеу (нейрохирургиялық) жаңа әдістері енгізілді.
ОНЖ,(МРТ, КТ) жіті тамырлық патологияларды емдеу және диагностикалау үшін жаңа аппаратура сатып алынды. Доплерография ультра дыбыстық аппарат.Бассүйекішілік қысымды өлшеуге арналған аппарат.Диагностикалау және емдеу мақсатында бел пункциясы жасалады.
Бөлімше бағыты
Соңғы 5 жылда 30% жіті ми-тамырлық патологиямен науқастар саны өсу беталысы байқалады. МҚЖБ кейін мүгедек болған науқастар көп, бірақ соңғы кезде инсульт орталықтарында өткізілетін шаралар нәтижесінде мүгедектікке шалдыққандар пайызы жылдан жылға азаюда.
Бөлімшеде мынандай дерпен науқастарға терапия жүргізіледі:
- Миға қан құйылу.
- Ми инфаркты.
- Аралас инсульт
- Прогресті тамырлық энцефалопатия.
- Жіті гипертониялық энцефалопатия.
- Транзитті ишемиялық шабуыл