Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Гүлжахан Жакенқызы Жакенова -
неврология бөлімшесінің меңгерушісі

Неврология бөлімшесі – қазіргі уақытта медицинаның ең қажетті саласының бірі.Нерв жүйесі ауруларының кең таралуы жайсыз экологиялық ахуалмен, соңғы кездегі қоғам дертіне айналған, жиі күйзеліске ұшыраумен, эмоционалдық жүктеменің ауырлығымен тығыз байланысты.Неврологиялық аурулар адамның өмір сапасын айтарлықтай төмендетеді, себебі ауырсынулар жиі қайталанып, еске сақтау қабілеті нашарлап, қимыл-қозғалысы бәсеңдейді.

Неврология бөлімшесінің қызметі науқастардың орталық және перифериялық нерв жүйесі дертіне арнайы медициналық көмек көрсету.

Неврология бөлімшесі аурухана ашылған күннен бастап жұмыс істеп келеді.

Бөлімшеде келесі ауру түрлеріне емдеу жүргізіледі:
мидың және жұлынның тамырлық аурулары:

жіті энцефалопатия;
созылмалы энцефалопатия;
созылмалы миелопатия;

Емшара кабинеті

Емшара кабинеті
Перифериялық нерв жүйесі аурулары:

дискогендік миелопатия,вертеброгендік радикулопатияның қабыну ағымы;
миелорадикулопатия;
невралгия және невриттер;
плексопатия;
прогредиент ағымы мен полинейропатиялар;
ұшықтан кейінгі невралгия.

Нерв жүйесінің қабыну аурулары:
менингиттер, менингоэнцефалиттер (туберкулез менингитін есепке алмағандағы менингит, жіті инфекциялық аурулар кезіндегі менингит)

энцефалиттер;
жіті миелиттер;

Ми және жарақаттық басқа да аурулар (хирургиялық түзетуді қажет етпейтін), созылмалы лептоменингит жағдайында декомпенсация деңгейінде гипертензия-гидроцефалиялық синдром.

Қаз ҰМУ невропатология кафедрасының меңгерушісі,
профессор Е.С.Нұрғожаев және
кафедра профессоры Б.Н. Раимқұлов


Мидың түрлі дертімен эпилепсия (жарақаттан кейінгі ахуал, тамырлық патология, зақымданған қабынулар): Алғаш рет пайда болған эпилепсиялық талма (диагнозды анықтау үшін)

Вегетативтік нерв жүйесі аурулары:
гипоталам-гипофизарлық синдромдар;
сақина, Миньер синдромы (лор- бөлімшеде белсенді емді қажет етпейтін);
симптоматикалық ганглиониттер;
Рейно ауруы.
Асқынбаған ЖБМЖ, ми шайқалуы.
ОНЖ демиелиндену аурулары, нерв жүйесінің дамитын аурулары,

Алғаш рет қаралғанда нерв жүйесінің өзге патологияларын дифференциальдық диагностика жасау үшін

Диагностикалау үшін тексерудің келесі түрлері қолданылады:

заманауи жабдықтарда жүргізілетін зертханалық зерттеудің ауқымды көлемі (қанды,несепті, жұлынмиы сұйықтығын талдау)

электрокардиография, тәуліктік кардиограмманы және қысымды мониторлеу, эхо-кг
бас және мойын тамырларын УДЗ
реоэнцефалография
рентгенография
ағзаларды УДЗ, ФГДС

Емдеу әдістері: Ми гемодинамикасын тез жақсарту үшін инфузиялық терапия қолданылады. Мидың тамырлық аурулары кезінде тиімді цереброангиопротекторлар,ноотроптық дәрі-дәрмектер және нейротрофтық құралдар, омыртқа бағанасының остеохондроз неврологиялық белгісінде (ББН)биологиялық белсенді нүктеге дәрі-дәрмектер блокадасы, корпоральдық және аурикалық нүктелерге иглорефлексотерапия, фитотерапия, иглорефлексотерапия, гипербариялық оксигенация, плазмоферез, дәрі-дәрмектік блокадалар, физиотерапия амалдарының кең ауқымы, бальнеоемі кеңінен қолданылады.

Қаз ҰМУ невропатология кафедрасының меңгерушісі, профессор Е.С.Нұрғожаев және кафедра профессоры Б.Н. Раимқұлов жиі профессорлық тексерулер жүргізеді, клиникалық талдаулар жасайды, ауыр науқастарды бақылайды, сондай-ақ диагностикалауы және емдеуі күрделі науқастарды жоғары технологиялық әдістермен тексеру жүргізіп, өз бақылауларына алады. Науқастарды тексеру және емдеу медициналық көмек көрсету стандартарына сәйкес және әдістемелік ұсыныстарды ескеріп жүргізіледі.

Неврологиялық бөлімшенің қызметі аурухананың басқа бөлімшелерінің қызметімен тығыз байланысты: зертханамен, диагностикалық және емдеу кабинеттерімен, физиотерапия бөлімшесімен, иглорефлексотерапия кабинетімен .

Біз неврологиялық аурудың барлық түріне жоғары мамандандырылған консультативтік-диагностикалық және емдеу-профилактикалық көмек көрсетеміз.