Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Нейро-инсульттік бөлімше 1979 жылы бастамамен Алматы мемлекеттік медициналық институтының невропатология кафедрасының базасында Шұғыл медицналық көмек ауруханасында неврологиялық науқас контингентіне-инсульт науқастарына жоғары мамандандырылған көмек көрсету мақсатында құрылды.
  • Бұл бөлімшенің базасында көптеген ғылыми жұмыстар жасалды, ғылыми диссертациялар, ғылыми мақалалар жарияланды.
  • 1980 жылдары инсульт науқастарының саны көбейді, нейроинсульттік бөлімше 60 төсек орынға арналып кеңейтілді.
  • 1991 жылы нейроинсульттік бөлімше №7 ҚКА көшірілді.
  • Алматы қ. тұрғындарының саны өсуіне байланысты, инсульт науқастарының да саны артты. 2006 жылы №7 ҚКА 55 төсекке арналған екінші инсульттік бөлімше ашылды.
  • 2012 жылы инсульттік бөлімшелерге инсульттік орталық мәртебесі берілді.

Күпесбаева Светлана Рысбекқызы - нейроинсульттік бөлімшенің меңгерушісі

Бөлімшенің қызметі :

  • Ми қанайналымының жіті бұзылуымен науқастарды шұғыл госпитализациялау.
  • Бөлімше мидың созылмалы және жіті қантамырлық жеткіліксіздігі науқастарына консультациялық және арнайы, сондай-ақ жоғары мамандандырылған стационарлық медициналық көмекті жүзеге асырады.
  • Оңалту терапиясы. Оңалту залында инсулттан кейінгі мерзімде психо-эмоционалдық, когнитивті ортасын, қимылын қалпына келтіру

Тексеру әдістері, емдеу және профилактика:

  • Клинико-зертханалық диагностика
  • Рентгенография
  • Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)
  • Компьютерлік томография
  • Магнитті-резонансты томография (МРТ)
  • Дәрі-дәрмектік емдеу
  • Хирургиялық емдеу (көрсеткіш бойынша)
  • Физиотерапиялық емдеу
  • Емдік физкультура, массаж
  • Бальнео- және балшық емі
  • Гипербариялық оксигенация ( ГБО)
  • Арнайы тренажерлардың көмегімен оңалту
  • «Инсульт мектебі» бағдарламасы бойынша профилактикалық жұмыс

Бөлімше интенсивті терапия палатасымен жабдықталған

 

Оңалту залы инсульт науқастарын бастапқы оңалтуға арналған тренажерлармен жабдықталған

 

Бөлімшеде өз мамандығының түрлі салалары бойынша біліміне баға жетпес, жоғары және бірінші санатты білікті дәрігерлер, мейірбикелер, кіші медициналық құрам қызмет атқарады. Пациенттерді күнделікті невропатолог-дәрігерлермен қатар терапевт, окулист дәрігерлер қарайды.Сөзі бұзылған науқастармен логопед жұмыс жасайды.