Пікірлер
Абрешева Салима Мэлсовна
Tuesday, 04 June 2024 06:47
Благодарность сотрудникам 1-Хирургии
Шын жүрегімнен ризашылығымды білдіргім келеді. Жұмысына жауапты, ынталы, кәсіби мықты маман екенін дәлелдеген хирург Баимбетов Сакен Пайзилдаевичке, жұмыс барысын кәсіби жақсы ұйымдастырғаны үшін, ұжымындағы қызметкерлердің жауаптылығы үшін Талғат Мұхитұлына және ұжымына үлкен рақмет!
Гулнар Магзумова
Sunday, 24 April 2022 16:07
АЛҒЫС
ҚАЗАҚТА ЖІГІТТЕР БАР АЛТЫН ҚОЛДЫ
Адам мен ажал бірге өмір сүретін сияқты. «Аңдыған жау алмай қоймас» деген секілді аңдыған ажал да алмай қоймас. Бірақ мына заманда адамды ажалдан арашалап алатын құдірет иелері – дәрігерлер екені рас. Ауруды жіберген Алланың шипасын да жіберетіні анық. Мамандықтың ең төресі – күніне бірнеше адамды ажалдан алып қалатын хирургтар екені тағы да даусыз.
Алматы қаласындағы 7 қалалық клиникалық ауруханасында адамдарға құдайдың өзі жіберген хирург Мұса САХИПОВ туралы сыртынан естуім бар болса, жуырда сол кісінің алтын қолының арқасында өмірге жаңадан келдім. Әркімдерден «өттен тас алдыру оңай, 20 минуттың ішінде сылып тастайды» деген сөзді жиі естігендіктен бе, басында «операция» деген сөзден онша тітіркенген жоқпын. Бірақ, пышаққа түсу оңай емес. Бірінші АЛЛА, екінші аталған аурухананың гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауыр трансплантациясы орталығы мен жоспарлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, хирург-гепатолог, трансплантолог, «Алтын дәрігер» сыйлығының лауреаты Мұса Меңдібайұлы Сахиповтың арқасында көптен мазамды алып жүрген кеселден құтылдым.
Аурухана төсегінен тез тұрып, тез сауығып кетуіме Мұса Меңдібайұлы САХИПОВ пен 1 категориялы дәрігер-хирург, «Мамандығына адалдығы үшін» медалінің иегері Аңсат ТАУБАЛДИЕВТІҢ біліктілігімен қоса әр науқасқа деген қамқорлығы себеп болды.
Мен кәсіптің қай саласында болмасын өз жұмысын ұршықша иіріп жүрген қазақтарды қашана мақтан құтып, сыртынан ризалығымды білдіріп жүремін.
Қазақтың осындай алтын қолды жігіттері – қазақтың мақтанышы!

Перизат Мухатова
Tuesday, 01 June 2021 08:12
Алгыс хат
№7 қалалық аурухана мамандары Жібек Рысбековна, Саулеш Мухтаровна, Ляззат Куангалиевна шын ниетіммен алғыс білдіремін.
Еңбектері әрдайым елене берсін, жемісті болсын.

Али
Monday, 27 April 2020 04:06
Алғыс хат
Еңкейіп келіп еңсесін тіктеп кетті.
Адам мына дүние есігін ашып өмірге келген соң , басынан түрлі -түрлі жағдайларға жолығады. Дүниенің қызығы мен шыжығын маңдайыңа жазған соң көресің.Қиын кезде жүреккке нұр болып құйылған мейір шапағат ешуақытта ұмытылмасы анық.ауырып түскен сауығып шығуыма бар күш-жігерін аямаған №7 хирургия бөлімінің ұжымына алғысымды білдіргім келеді.
Cол жазым деген аяқ асты меннің жұбайым байқаусызда сатыдан құлап қабырғасы , бұғанасы сынып аяқ асты жедел жәрдем шақыруға тура келді. Жедел жәрдем дереу Қалқамандағы №7 қалалық ауруханаға алып барды.Иә, осы барған сәтте қан тапсыру алғашқы дәрігерлік сарапатамаларын алып дереу Рамазан Ахметұлы басқаратын травматология бөліміне жатқызды. Мұндағы Рамазан Ахметұлы қарауындағы Травматология бөлімшесі бөлім меңгерушісі мен дәрігерлердің науқастармен жылы амандасып, хал сұрауынан басталады, дәрігердің бұл әрекеті науқас жандарға сондай да жақсы әсер қалдырды.. осы аталған бөлімнің дәрігерлері науқастар жатқан палатаға әрқашан көңілді жүздері жайнап кіреді, емшараларды уақтылы өткізудің қажеттілігіне қатысты түсініктемелерді айтады және жігерлендіреді.
Бөлімдегі тәжірибелі хирург Рамазан Ахметұлы өзі ота жасап, шипалы ем алып шығуына бар күші мен біліктілігін жұмсады. Еңкейіп келіп еңсесін тіктеп кеткен қанша жанның көңіліне қуаныш сыйлаған ақ халатты абзал жандарға мыңда бір рахмет.
Халықтың денсаулығын жақсарту жасап жатқан істеріңіз жемісті болсын! Мұндай сауығу мен денсаулығымыздың бүгінгідей денсаулығымның жақсы болуына қол жеткізуге көмектескен ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым шексіз.
Зор құрметпен : Ләззат Орынбаева

Wednesday, 13 November 2019 10:16
Алғыс хат
Мен Алматы қаласының тұрғыны Сұраншиев Кеңес Қасқырбайұлы 24.11.2019 жылы неироинсулт №2 бөлімшесінің №7 қалалық клиникалық ауруханаға ауырып түстім. Осы неироинсулт №2 бөлімшесінің ұжымына дәрігері Харченко Валентина Васильевнаға және Алтыншаш Молдагуловаға үлкен алғыс білдіремін!!! Өз ісінің шеберлері, білімді , мамандығына адал , нағыз дәрігерлер!!! . Үлкен рахмет.
Ардак Байносерова
Monday, 15 October 2018 16:46
Алғыс
Алматы қаласындағы #7 Қалалық клиникалық ауруханасының нефрология бөлімінің меңгерушісі, жоғары дәрежелі дәрігер-нефролог Сарсенова Шынар Әбілxановнаға алғысымды келесі өлең жолдарымен білдіргім келеді:
Алғысына бөленіп дүйім елдің,
Ден-саулығын жақсартып көңіл бөлдің.
Сол мыңдаған адамның бірімін ғой,
Ақ ниетпен өзіңе бата бердім.
Жүзіңіз жайдарлы екен ем бергендей,
Науқасқа жігер беріп, дем бергендей.
Шынар деген атың да ерекше екен,
Шыңға өскен шынардай шыңға өрлегей.
Дәрежең жылдан жылға арта берсін,
Пайдасын емін қонған елің көрсін.
Отбасыңмен бақытты өміріңе
Дос-жаран, туысыңның көңілі толсын,
Жүрегімді тербеген өлеңім бұл,
Жақсылап көңіл бөліп, назарыңа іл.
Өзіңе арнап жазған бұл өлеңді Ғабдулла ағаң айтқан тілек теп біл!
12 тамыз 2018 жыл.

Байносерова Ардак
Monday, 15 October 2018 16:45
Алғыс
Алматы қаласындағы #7 Қалалық клиникалық ауруханасының урология бөлімінің меңгерушісі, аса білікті мамандық иесі Еркебұлан Балқыбайұлы мен бөлімнің уролог-дәрігері Жасұлан Қайратұлына, аяқтарынан тік тұрып, емделушілерге бар ынталарымен жүгіріп, қызмет көрсетіп жүрген ақ жүректі абзал мейірбике қыздарыма, осы бөлімдегі барлық қызмет көрсетушілерге аталық ақ батамды арнаймын. Алла-Тағала істеріңді алға бастырып, емделушілердің ыстық ықыластарына бөлене беріңдер!
Гиппократ сенімін ақтай білген,
Науқастың денсаулығын сақтай білген,
Бейнеңнен айналайын Еркебұлан
Дәрежең жылдан жылға өссін дер ем.
Және де рахмет Жасұланға
Тілекті сендерге айтпай жасырам ба?
Отбастарың аман болсын, туыстарың
Сыйлы болыңдар ар кезде достарыңа.
Өздеріңе айтар тілек осы болды
Алла берсін амандық бастарыңа!
Талдықорғаннан келіп, өздеріңнен ем алып, қуанышқа кенеліп отырған аталарың Байнөсеров Ғабдулла
13 қазан 2018 жыл.

Monday, 15 October 2018 16:43
Алғыс
Алматы қаласындағы #7 Қалалық клиникалық ауруханасының урология бөлімінің мейірбикесі Маржанға:
Рахмет айтайыншы Маржаныма
Қараған емделгенде хал жайыма.
Аталап хал сұрайсың күндіз- түні
Қарамай шаршап жүрген жағдайыңа.
Отбасың әрқашанда аман болсын
Жақсылық көрер алдан заман болсын.
Істеген қызметің алға бастап
Ңық басқан жақсылыққа қадам болсын.
Талдықорғаннан келіп, ем алған атаң Байнөсеров Ғабдулла

9 entries in guestbook