Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Алматы қ.№7 ҚКА ШЖҚ МКК, тамырлық нейрохирургия бөлімшесі.

Бөлімшенің ашылу тарихы 2013 жылы басталды, Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарған арналған «Саламатты Қазақстан»Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасы аясында Алматы қаласының әкімдігі және Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен бипланды ангиограф Philips Allura Clarity FD 20.10. сатып алынды.

Алға қойған мақсат Алматы қ. бойынша цереброваскулярлық ауру мөлшерін азайту және алдын алу.Жаңа бөлімшені интервенциялық хирургия бөлімшесі деп атады. Ол №4 нейрохиругиялық бөлімшенің оң қанатында 10 төсекке арналып ашылды. 2015 жылғы сәуір айында интервенциялық хирургия бөлімшесі тамырлық нейрохирургия бөлімшесі болып өзгертілді.2014 жылдың 18 наурыз айынан бастап желтоқсан айына дейін барлығы 258 операция жасалды, оның 142 операциясы жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) бойынша және қалғаны 116 диагностикалық операциялар.

2015 жылы барлығы 389 операция жасалды, оның 200 операциясы ЖММК бойынша жасалды.

Алматы қаласының №7 ҚКА тамырлық нейрохирургия бөлімшесінде цереброваскулярлық аурулармен пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек, тек жоспарлы түрде ғана емес, сондай-ақ шұғыл түрде көрсетіледі.Бұл ми қанайналымының жіті бұзылуы кезінде өте маңызды.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) Алматы қаласының және республиканың өзге аумақтарының тұрғындарына көрсетіледі.

Хирургиялық араласулардың барлық түрлері: Ашық операциялар

  • операциялық микроскоптың көмегімен аневризмаға хирургиялық қысқыш салу.
  • Carl-Zeiss, Vario S88.
  • Carl-Zeiss, Vario S88 операциялық микроскоптың көмегімен тысқары- бассүйекішілік микроартериалдық анастомоз
  • Мойя-мойя дерті кезінде самай бөлігі және самайлық артерияның сыртына төбе тарамы синангиозы
  • Carl Zeiss операциялық микроскоптың көмегімен Brainlab нейронавигациямен бұлшықетішілік гематоманы микрохирургиялық сылып тастау.
  • Нейронавигацияның астында миішлік гематоманы эндоскопиялық сылып тастау
  • Миішлік гематоманы сылып тастағаннан кейін және бассүйекке резекциялық трепанация жасалғаннан кейін бассүйек күмбезі ақауына пластика жасау.
  • Эндоваскулярлық операциялар Philips Allura Clarity FD 20.10 бипланды ангиографпен жасалады.


Эндоваскулярлық операциялар:

  • ми қан тамырлары кеңеюін эмболизациялау
  • ми күретамыры мольформациясын эмболизациялау
  • жұлын күретамыры мольформациясын эмболизациялау
  • мидың артерия-веналық жыланкөзін эмболизациялау
  • Ми ісігін эмболизациялау. Ми тамырларының бітелуі кезінде қан ұюын механикалық сылып тастау.
  • Ми және мойын тамырларының өткізгіштігін қалпына келтіру және каротидтік стентирлеу
  • ми тамырларының бітелуі кезінде суперсұрыптамалық тромболизис

Диагностикалық операциялар:

  • миға сұрыптамалық ангиография
  • жұлынға сұрыптамалық ангиография