Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

 

Физиотерапиялық қызметтер

Физиотерапиялық  емдеу ауыр жарақаттардан кейін, сондай-ақ әртүрлі ағзалардың созылмалы аурулары кезінде оңалту кезеңінің ажырамас бөлігі болып табылады. Білікті физиотерапевт пациенттің ерекшеліктерін, оның жасы мен аурудың даму сатысын ескере отырып, емдеу тактикасын   таңдайды.  Пациентті медициналық емдеумен  бірлесе, физиотерапиялық тәсілдермен  қоса емдегенде,  пациенттің қысқа мерзімде қалпына келуіне мүмкіндік береді. Физиотерапиялық қызметтерді физиотерапия бойынша маманданған және  білімін жетілдірген тәжірибелі дәрігерлер, мейірбикелер, медициналық массажист, дене шынықтыру нұсқаушылары ұсынады.

ФИЗИОТЕРАПИЯ ТҮРЛЕРІ:

Электрлі, ультрадыбыстық емдеу, емдік массаж және ЕДШ (жеке).

ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

  • Ванналар: гидромассаждық;
  • Себізгі: су асты себізгі массаж;
  • Балқарағай (самырсын) бөшкесі;
  • Емдеу-сауықтыру әдістері: он екі елі ішекке сүңгі салу;
  • Электрлі ұйқы