Ақылы терапия бөлімшесі
Тұрсынова Анел Тұрсынқызы — ақылы терапия бөлімшесінің меңгерушісіАлматы қ. N7 ҚКА Call-орталығының Пациенттерді қолдау және ішкi аудит қызметі: |
|
Көпсалалы ақылы терапия бөлімшесі 40 төсек орынға арналып ашылды. Бөлімшеде душпен, телевизормен,тоңазытқышпен жабдықталған жайлы үш, екі және бір орынды палаталар бар.Бөлімшеде бар:екі мейірбикелер бекеті, емшара кабинеті, медициналық құрамға арналған кабинеттер, қызметтік бөлмелер.
Бөлімшеде тәжірибелі мейірбикелер медициналық емшараны уақытылы және сапалы жасайды. Бөлімшенің медициналық құрамы кәсіби біліктілігін арттыру үшін үнемі ізденеді, бұл медициналық қызметті сапалы көрсету кепілі .
Емдік тағам емдәмінің талаптарына сәйкес келеді, сапалы дайындалады, соның нәтижесінде туыстарына қосымша тағамды ұйымдастыруды қажет етпейді.
Біздің бөлімшеде кәсіби деңгейде келесі бағыттар бойынша медициналық көмек көрсетіледі:
Эндокринология
- қалқаншабез аурулары;
- 1 және 2 типті қант диабеті (оның ішінде асқынған түрлері) тәуліктік глюкоза мониторлеуді қолдану мүмкіндігімен;
- созылмалы бүйрекбез функциясының жеткіліксіздігі
Пульмонология
- өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары;
- пневмония, бронхоэктаздық аурулар;
- жіті және созылмалы бронхиттер.
Гастроэнтерология
- созылмалы панкреатиттер, холециститтер;
- гастрит,асқазан аурулары;
- асқазан, ұлтабардың ойық жарасы;
- дисбактериоздар, колиттер;
- бауыр циррозы, түрлі этиологиялық созылмалы гепатиттер;
Терапия
- Артериялық гипертензияның барлық түрлері;
- ЖИА, стенокардия;
- созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі, терапияны түзету;
- Түрлі генездегі анемиялар генеза;
- Пиелонефриттер (жіті, созылмалы).
Неврология
- Ми қанайналымы бұзылуы (ми қанайналымы бұзылуына айналуы, жіті гипертониялық энцефалопатия, ми қанайналымының бұзылуы оңалту мерзімі)
- Жарақаттан кейінгі энцефалопатия;
- Эпилепсия,құрысқақ синдром;
- Бас ауруы пайда болуының түрлі себептері, әртүрлі бас айналулар;
- омыртқараралық жарық немесе остехондроз салдарынан пайда болған, омыртқаның беломыртқасы, кеуде, мойын бөлігінде жайсыздық және ауырсыну;
- есте сақтау, зейін қою, жұмысқа қабілеттілігі төмендеу, шаршау сезімінің жиі қайталануы;
- ЛОР-ағзалары патологиясы әсерінен емес беттегі ауырсыну;
- құрсау герпес және нейропатия, дорсопатия, тұқым қуалаған бұлшықет дистрофиясы Паркинсон ауруы, дегенеративтік аурулар( қырлы амиотрофиялық склероз), мишықтың зақымдануы( мишық атаксиясы, мишық дегенерациясы)демиелинирлеуші аурулар (ұмытшақ склероз), энцефаломиелит (жіті мерзімі емес ).
Стационардың заманауи диагностикалық және емдеу-диагностикалық жабдықтары адам ағзасына жан-жақты диагностика жасауға мүмкіндік береді: компьютерлік томография, ядеро-магнит-резонасты томография, электроэнцефалография, рентгенография (краниография, спондилография) көрсеткіштері бойынша бел пункциясы, ішперде қуысы ағзалары рентгеноскопиясы, эхокардиография, тамырларды дуплексті сканерлеу.
Жалпы клиникалық, биохимиялық зерттеулердің кең спектрін жасауға, гормондық статусты,инфекцияларды анықтауға клинико-диагностикалық зертхананың ауқымды мүмкіншілігі береді.
Тар ауқымды мамандар консультациясы: окулист, ЛОР-дәрігер, хирург, дерматолог, нефролог, гематолог, нейрохирург, уролог, травматолог, трансплантолог, логопед.
Аурухананың жақсы заманауи медициналық бұйымдармен жабдықталуы дәрі-дәрмектік емді физиотерапиялық еммен, лазерлік терапиямен, эфференттті емдеу әдістерімен, түрлі емдік массажбен, емдік денешынықтырумен, гипербариялық оксигенациямен, плазмаферезбен үйлестіруге мүмкіндік береді.
Еліміздің алдыңғы қатарлы ғалымдарының қатысуымен консультациялар мен консилиумдер өткізіледі: АМДБЖИ эндокринология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Р.Б. Базарбекова, С.Д. Асфендияров атындағы ҚАЗ ҰМУ жүйке аурулары кафедрасының доценті И.М. Кальменева, С.Д. Асфендияров атындағы ҚАЗ ҰМУ терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Н.Е. Айдарғалиев.