Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емханада психологтар медициналық жоғары оқу орындарының студенттерін тарта отырып, «Депрессиядан қалай арылуға болады?» тақырыбында семинар өткізді.
Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емхананың жалпы практика дәрігері Томирис Елубаева тұрғындарға «Менингитті қалай анықтауға болады және оның емделу жолдары» тақырыбына танымдық дәріс өткізді.
Алматы қ. №7 ҚКА емханасының қызметкерлері, атап айтқанда, Салауатты өмір салтын насихаттау кабинетінің психологы, мейірбикесі, әлеуметтік қызметкер, емханада медициналық көмек алатын жасөспірім балалардың қатысуымен «Дәрігерлер жасөспірімдердегі уытты тәуелділіктің ауыр зардаптары туралы ескертеді» тақырыбында ақпарат көздерінің қамтылуымен семинар өткізді.
№7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері, профессор Манас Рамазанов ұжымды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Дәстүр бойынша 60 және 50 жасқа толған мерейтой иелері құттықтап, ақшалай қаражат табыстады. Іс-шара аясында емхананың үздік қызметкерлері дәстүрлі түрде медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.