Мейірбике мамандығы – адамгершілігі мол, ең асыл, ең қажетті мамандықтардың бірі. Науқастың жағдайы да, оның жазылу қарқыны да көбіне медбикелердің сезімтал да қамқор қолдарына, еңбекқорлығы мен ізгі ниетіне де байланысты. Қазіргі уақытта медбикелер медициналық қызметкерлердің ең үлкен санатын құрайды, өйткені медициналық тәжірибеде медбикелер медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін орындайды. Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада 790 медбикелер жұмыс істейді.
Орта буын қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз және зор денсаулық, амандық, еңбекте ерен еңбек, емделушілерден алғыс, жеке бақыт тілейміз!