8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емхана қызметкерлері Ашық есік күнін ұйымдастырып, бекітілген тұрғындар, атап айтқанда көп балалы аналар, зейнеткерлер мен мүгедектерді мерекелерімен құттықтады.
8 наурыз – ананың алақанындай, жүрегімізге нұр құйған көктем мерекесі.
Осы көктем мерекесіне баршаңызға махаббат, денсаулық, бақыт пен береке тілейміз!!!
Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емханада халықаралық Адам папиллома вирусы (АПВ) туралы хабардар болу күніне орай Ашық есік күні ұйымдастырды.
Адам папиллома вирусы (АПВ) -бұл қанға енбейтін жалғыз вирус, нәтижесінде инфекция процесі қабыну реакциясы дамымай жүреді. Инфекция процесінде адам папиллома вирусы жетілмеген жасушаларға, көбінесе терінің негіздік қабатына әсер етеді, содан кейін олар эпителий жасушаларының инфекциясының тұрақты көзіне айналады.
АПВ — тері мен шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған және генетикалық әртекті дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) бар вирустар тобы.
Адам папиллома вирусы папиллома вирустар тұқымдасына жатады. Адам папиллома вирусының 190-нан астам түрі анықталды және сипатталық ерекшеліктері анықталды. Әр түрі жақын туыстық штаммнан 10% - дан астам ерекшеліктері болады. Олардың ішінде АПВ-ның 30-дан астам түрі зәр-жыныс жүйесі жолының эпителий қабатына зақым келтіруі мүмкін.
Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық аурухана базасында «Тромбофилияның диагностикасы мен емінің заманауи тәсілдері» тақырыбында мастер-класс өтті.
Іс-шараға Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығының профессоры Т.В. Вавилова (Ресей Федерациясы), Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар кафедрасының профессорлары Р.М. Рамазанова және А.Қ.Қосанова, №7 ҚКА бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі (терапия) орынбасары Жадыра Шерияздан, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтву басқармасының штаттан тыс бас гематологы және №7 ҚКА гематология бөлімшесінің меңгерушісі Гульжан Сабырбаева, сонымен қатар аталмыш аурухананың гематолог дәрігерлері, резиденттер қатысты.
Шеберлік сағатта гемостаз патологиясын диагностикалаудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ тромбофилиясы бар жүкті әйелдерді басқару мәселелері талқыланды. Бұл мастер-класстың мамандар үшін үлкен практикалық маңызы бар.