Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасында РФ ДСМ «Гематология ҰМЗО» ФМБМ директоры, медицина ғылымдарының кандидаты гематолог-дәрігер В.В.Троицкаяның, А.С.Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ профессоры Р.М.Рамазанованың, клиниканың гематолог-дәрігерлері, резидент-гематологтардың қатысуымен «Жіті лейкоз. Жіті лейкоздың әртүрлі түрлерімен ауыратын науқастарды диагностикалау және заманауи емдеу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жұмыс барысында жіті лейкоздың әртүрлі түрлерін заманауи диагностикалау және емдеудің өзекті мәселелері талқыланды. Ресей және қазақстандық дәрігерлердің күнделікті дәрігерлік тәжірибесінен жіті лейкоз жағдайына талдау жүргізілді.