Алматыда 15 жерден пышақталған 23 жастағы қыз жедел жәрдем бригадасымен Алматының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Француз делегациясының құрамында Страсбург университеттік ауруханаларының бас директоры Гали Мишель мырза, Андрес Жюлетт ханым, CETD ЛОР бөлімінің басшысы профессор Debry, Халықаралық қатынастар жөніндегі қызметкер Маринео Анн ханым және халықаралық қатынастар жөніндегі қызметкер Киеффер Селин ханым бар. Сонымен қатар, бүгінгі кездесуге Франция Елшілігінің Қазақстандағы өкілдері қатысты.
Жол картасы бойынша іс-шараларды өткізу шеңберінде медициналық қызмет көрсетуді жақсарту үшін ағымдағы жылдың 29 маусымында №7 ҚКА емханасының ғимаратында Алматы қаласының тұрғындары: қарттар, ҰОС мүгедектері, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар үшін Ашық есік күні өткізілді.
№7 қалалық клиникалық ауруханада 20 жастағы пациенттің бас сүйегі қайта қалпына келтірілді. Күрделі операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда жыл сайын инсульт дертіне орта есеппен 49 мыңға жуық адам шалдығады. Науқастардың 80 проценті дер кезінде дәрігерге бармай, мүгедек болып қалады екен. Қазіргі уақытта республика бойынша 60-қа жуық инсульттық орталық жұмыс істейді.
- Құрметті әріптестер!
Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Медицина қызметкері мамандығы қазіргі әлемдегі ең адамгершілікті және сонымен бірге қиын және жауапты мамандықтардың бірі болып табылады.
Маусымның үшінші жексенбісінде медициналық қауымдастық өзінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Алматы қаласының №7 ҚКА-да медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ірі көпсалалы клиниканың көптеген ұжымын келе жатқан кәсіби мерекемен №7 ҚКА бас дәрігері, профессор Рамазанов Манас Ембергенұлы құттықтады.
Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.
4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі
Республикалық референдум – демократияландырудың маңызды кезеңі және еліміздің «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы бағыт
Бүгін Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасында республикалық сайлауалды штабының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекқали Торғаевтың конституциялық реформаны түсіндіру бойынша аурухана ұжымымен кездесуі өтті.