⬇️Конференцияны өткізуге №7 Қалалық клиникалық ауруханасы мен Чунан университеті жанындағы Хёндэ медициналық орталығының бірлескен бастамасы арқау болды.
⬇️Қазақстан-Корея ғылыми семинарына Алматы қаласының көпбейінді клиникалары мен емханаларының травматолог-ортопедтері, кафедралардың қызметкерлері, қаланың медициналық жоғары оқу орындарының профессорлары және медициналық университеттердің студенттері – резиденттері қатысты.
⬇️Тірек-қимыл аппаратының жарақаттары және аурулары әлемде мүгедектік факторларының арасында жетекші орын алатын жалпы проблема болып табылады. Жарақаттардың салдарын жою, тірек-қимыл аппаратының жарақаттарын емдеу өте күрделі процестердің бірі.
⬇️Әртүрлі елдердің дәрігерлерінің ынтымақтастығы әлемнің барлық елдерінің денсаулық сақтау қызметін жалпыға бірдей қамту: денсаулықты нығайту, профилактика, емдеу, оңалту немесе паллиативтік көмекке қол жеткізуге дайындығын көрсетеді.
⬇️№7 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері, профессор Манас Рамазанов өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, 2019 жылы Корея елінен келген делегация, 7-ші қалалық аурухана мен Хёндэ университетінің медициналық орталығы (Сеул, Оңтүстік Корея) арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Бірақ, коронавирустық пандемияның салдарынан ортадағы байланысқа үзіліс жасалды. Ал, бұл жолы №7 қалалық клиникалық аурухана базасында оңтүстіккореялық әріптестердің дәрістерімен, күрделі клиникалық жағдайларға талдау жасалған теориялық курс өтті, өзара тәжірибе алмасу болды.
⬇️Хёндэ ауруханасының директоры Ким Босан мырзаның айтуынша, ынтымақтастықтың мақсаты – екі елдің медицинасын одан әрі дамыту. Ол №7 қалалық клиникалық ауруханада жарақаттар мен тірек-қимыл аппараты аурулары бар науқастарды хирургиялық емдеудің жаңа әдістері мен тәсілдері белсенді түрде енгізіліп жатқанын атап өтті. Ким Босан өз лекциясында Ковид-19 тақырыбына, коронавирустық инфекциядан кейінгі асқынулар, соның ішінде тірек-қимыл аппаратындағы асқынулар туралы айтты. Пациенттерді емдеудегі қиын жағдайларды шешу тәжірибесімен бөлісті.
⬇️Ынтымақтастық туралы келісім Қазақстан мен Оңтүстік Кореяда медициналық көмекті жақсартуға және медициналық қызметтерді дамытуға үлес қосуға бағытталған. Бұдан әрі ынтымақтастық аясында келесі бағыттар бойынша жұмыс жоспарлануда: озық медициналық технологиялар мен ақпарат алмасу; телемедицинаның көмегімен бірлескен медициналық консультациялар жүргізу, ауыр науқастарды емдеу барысында талқылауға қатысу; ғылыми және практикалық өзара әрекеттесу және т.б.
Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы