Жүйке жүйесі ауруларының көп таралуы күшті эмоционалдық күйзеліспен, біздің өмірімізде жиі кездесетін стресспен және қолайсыз экологиялық жағдайлармен байланысты.Неврологиялық аурулар өмір сапасын айтарлықтай төмендетеді, өйткені оларда жиі ауырсыну белгілері, қозғалыс функциялары және есте сақтау қабілетінің бұзылуы қатар жүреді.
Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының неврология бөлімшесі орталық және перифериялық жүйке жүйесі аурулары бар науқастарға (барлық неврологиялық аурулар бойынша) мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Неврология бөлімшесі аурухана ашылғаннан бері жұмыс істейді.
Ауруды диагностикалау кезінде заманауи аппараттарда жүргізілетін зертханалық зерттеулердің кең спектрі қолданылады.
Пациенттерді тексеру және емдеу науқастарға медициналық көмек көрсету стандарттары мен әдістемелік ұсыныстарды ескере отырып жүргізіледі. Неврологиялық бөлімше аурухананың басқа бөлімдерімен байланыста жұмыс істейді: зертхана, диагностикалық және емдеу кабинеттері, физиотерапия бөлімі және т.б.
Неврология бөлімшесінде 23 медицина қызметкері жұмыс істейді. Неврология бөлімшесі А.С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының клиникалық базасы болып табылады.
Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының 3-деңгейдегі инсульт орталығында екі нейроинсульт бөлімшесі жұмыс істейді: №1инсульт бөлімшесі және №2 инсульт бөлімшесі.
Нейроинсульт бөлімшелері жіті цереброваскулярлық бұзылулары бар науқастарға, неврологиялық науқастардың ауыр контингенті - инсультпен ауыратын науқастарға жоғары мамандандырылған жедел стационарлық көмек көрсетеді.
Бөлімшелердің ұжымында өз кәсібінің әртүрлі салаларында баға жетпес мамандар, жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар тәжірибелі дәрігерлер, мейірбикелер жұмыс істейді. Невропатологтармен бірге инсультпен сырқаттанған пациенттермен психолог, логопед мамандар жұмыс істейді.
№ 7 Қалалық клиникалық аурухананың емханасында ересектер мен балаларды 2 жоғары білікті невропатолог дәрігерлер қабылдау жүргізеді.
Құрметті әріптестерімізді кәсіби мерекелері – Невропатолог дәрігерлердің кәсіби мерекесі күнімен құттықтаймыз және шын жүректен зор денсаулық, амандық, еңбектеріне табыс тілейміз!