Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық аурухананың инсульт- 2 бөлімшесіне, бөлім меңгерушісі Каримов Ғ.К., емдеуші дәрігер Абитаева А.Б және бөлімше аға мейірбикесі Баимбетова А.М-ға, сонымен қатар бөлімшенің орта және кіші медициналық персоналына пациент алғысы. Толығырақ
🫶👍
29 жастағы алматылық қыз роликтен құлап, ауыр жарақат алып, Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Пациентке «омыртқаның жабық жарақаты» диагнозы қойылды. «Жұлынның өткізгіштік функциясының ішінара бұзылуымен дененің Th12 омыртқасының 2 дәрежелі компрессиялық-жарықшақтанған сынығы».
Науқастың жұлынына зақым келгендіктен, аяқ-қолы функциясының қызметі бұзылып, қозғалысы шектелді.
Жас қыздың мүгедек болып қалу қаупі болды. Бірақ нейрохирург дәрігерлердің, реаниматолог-анестезиологтардың, реабилитологтардың, психологтардың мультидисциплинарлық топтың бірлескен жұмысының, аса зор күш-жігерінің және кәсібилігінің арқасында науқасты төсекке таңылып қалудан сақтап қалды.
Ол шұғыл түрде нейрохирургиялық жұлын бөлімшесіне жатқызылды. Омыртқаға жоғары деңгейде күрделі операция жасалғаннан кейін, пациент оңалтудан өту үшін нейрореабилитация бөлімшесіне ауыстырылды. Хирургиялық операция және оңалту емдеу курсы МӘМС шеңберінде жүргізілді.
«Қыз бөлімшеге келіп түскен кезде кереуетте аунап, қозғалуы қиындық туғызды, өз бетінше отыра да алмады.
Пациентті мультидисциплинарлық топ тексергеннен кейін, оған жеке оңалту бағдарламасы жасалды: тігінен тұрғызу, күніне 50 минуттан жеке кинезиотерапия, велоқұрылғыда механикалық терапия, жүріс имитаторында механикалық терапия, аяғына массаж жасалды және магниттік терапия берілді, аяқтың белгілі бір бұлшық еттеріне электрлік ширату емі қолданылды, сондай-ақ психолог маманның кеңесі берілді», - деді № 7 ҚКА-ның оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Жиренбаева.
Дәрігердің айтуынша, пациент өзінің әр басқан қадамы үшін күресті.
Емдеу курсы аяқталғанннан кейін пациент керуетте өз бетінше қозғалып, отыра алатын дәрежеге жетті, аяқ бұлшық еттеріне күш бітті. Қыз өз бетінше жүре бастады, әрі қарай дәлізде туысқандарының барынша аз қолдауымен жүре бастады. Ол әрі қарай оңалтудың 3-кезеңін жалғастыру үшін мекенжайы бойынша емханаға жіберілді.
 

Алматы ауруханалары цифрлық жүйеге көше бастағалы биыл 6 жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында қаладағы емханалардың көпшілігі цифрлық жүйеде жұмыс істеп келеді. Сондай емдеу орталықтарының бірі – №7 клиникалық аурухана. Бүгінде мұнда екі мыңға жуық маман қызмет атқарады десек, қабылдау пунктінің өзінде күн сайын 300-ден аса адамға шұғыл көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 

https://almaty.tv/kz/news/meditsina/2002-almaty-aurukhanalary-tsifrlyk-dguye-kalay-iske-asyp-dgatyr/amp?fbclid=IwZXh0bgNhZW0CMTEAAR1hWD0O_Epteu68JFfocyP6J9NpMtLDXAc1qHSM-ELpzDVKXIW3mXLYSmk_aem_iMsCkU3KvPe4m4_d3w8E-Q

 
 
7 Қалалық клиникалық аурухана  Денсаулық сақтау саласындағы  сапа жөніндегі  аккредиттеу орталығының ұлттық аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті және 1  санат дәрежесін 3 жылға растады ( 2024 - 2027 жж.)‼️
Бұл куәлік денсаулық сақтау субъектісінің қызметінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы  ұлттық аккредиттеу стандарттарына  сәйкестігін куәландырады.