Туберкулезге қарсы айлық өткізу аясында Алматы қ. № 7 қалалық клиникалық аурухананың жанындағы емхананың қызметкерлері «Туберкулезге жол жоқ!» флешмобын өткізді.
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні - 1993 жылы туберкулезді ғасыр дерті -жаһандық проблема деп жариялаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын 24 наурызда атап өтілетін атаулы күн.
Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күрес күнін өткізу туберкулездің алғашқы белгілері және уақтылы емдеу тиімділігі туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында, бұл туберкулезді жоюға, белсенді іс-қимылдар жасауға ынталандырады.
Қазіргі заманғы медицинаның барлық жетістіктеріне қарамастан, туберкулез дерті бұрынғысынша әлемдегі ең өлім көрсеткіші жоғары аурулардың бірі болып отыр және соңғы жылдары дәрілік заттарға төзімді туберкулез жағдайларының көбеюі байқалады.


