Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емханада 2025 жылғы 18 наурызда тұрғындарды туберкулездің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда деркезінде медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы ескерту және аурудың алдын алу шаралары мақсатында емханада тіркелген тұрғындар үшін Ашық есік күні өткізілді.
Ашық ескі күніне келген тұрғындар туберкулез, оның ерте белгілері, ауруды уақытылы диагностикалау, емдеу және алдын алу әдістері туралы қажетті мәлімет алды.
Келген барлық тұрғындар фтизиатр- дәрігердің кеңесін алып, сұрақтар қойып, туберкулез туралы ақпараттық-түсіндіру материалдармен таныса алды.
Осындай іс-шараларды өткізу халықтың хабардарлығын арттыруда маңызды рөл атқарады және осы ауруды жеңуге көмектеседі.