4 маусымда Қазақстанда еліміздің Мемлекеттік рәміздері күні атап өтіледі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады. Конституциялық заңмен бекітілген мемлекеттік рәміздер еліміздің айрықша белгілері болып табылады.
Азаматтық пен отансүйгіштікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу мен қастерлеуді дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емхана қызметкерлері «Туымыз-төрімізде» атты флешмоб және «Менің туым -менің мақтанышым!» челленджін өткізді. Емхана ғимаратының алдында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды. Осы ретте патриоттық рухты тәрбиелеуге бағытталған дәстүрлі «Көк тудың астында» ұлттық акциясын қолдау мақсатында семинар өтті.

Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасында алғашқы рет жүректің өткізгіштік жүйесіне электродтарды имплантациялаудың заманауи әдісін қолдана отырып, жүрек-қан тамырлары ауруларын хирургиялық емдеудің жаңа әдісі қолданылды.
Операциялар Вроцлав медициналық университетінің (Польша) профессоры Яцек Гайектің қатысуымен шеберлік –сағаты аясында өтті.
Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасында алғашқы рет жүректің өткізгіштік жүйесіне электродтарды имплантациялаудың заманауи әдісін қолдана отырып, жүрек-қан тамырлары ауруларын хирургиялық емдеудің жаңа әдісі қолданылды. Операциялар Вроцлав медициналық университетінің (Польша) профессоры Яцек Гайектің қатысуымен шеберлік –сағаты аясында өтті.
Шеберлік сағаты шеңберінде жүрек өткізгіштігінің бұзылуы салдарынан ұзақ уақыт бойы зардап шеккен 4 отандасымызға шұғыл операция жасалды
Бүгін, 31 мамыр күні Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық ауруханаға қарасты емханада 1 маусым-балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты іс-шара өткізілді.
Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Баланың ең сенімді қорғанысы-дені сау, тату, берекелі бақытты отбасы.
Мереке күні емхана қызметкерлері барлық кішкентай емделушілер мен олардың ата- аналарын мерекемен құттықтап, балалар арасында түрлі сайыстар өткізіліп, мерекелік сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде ата-аналар емхана ұжымына балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін өз ризашылықтарын білдірді.
🎈🎈🎈🎈
View the embedded image gallery online at:
https://gkb7.kz/kz/klinika-turaly/zhanalyktar?start=10#sigProIda45a3d090f
https://gkb7.kz/kz/klinika-turaly/zhanalyktar?start=10#sigProIda45a3d090f
2024 жылғы 21 сәуір мен 27 сәуір аралығында «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғаушы» тақырыбына Еуропалық иммундау апталығы өтті.
Апталықтың мақсаты- аурудың алдын алу және өмірді түрлі дерттерден қорғау үшін иммундаудың маңыздылығы туралы халықтың жан-жақты хабардар болуын арттыру, сондай-ақ өмір бойы жақсы денсаулық пен әл-ауқаттың көптеген аспектілдерінде вакциналардың маңыздылығын дәлелдеу.
Алматы қаласының №7 ҚКА жанындағы емханада эпидемиолог- дәрігер Г.А. Ажимуратова және психолог маман Д.С.Мамлеева, Салаутты өмір салтын насихаттау кабинетінің мейірбикесі А.Д.Жангазиева медициналық қызметкерлер мен емханаға тіркелген балалардың ата-аналары үшін «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғаушы» тақырыбына дәріс оқыды.
View the embedded image gallery online at:
https://gkb7.kz/kz/klinika-turaly/zhanalyktar?start=10#sigProId8d8ade728e
https://gkb7.kz/kz/klinika-turaly/zhanalyktar?start=10#sigProId8d8ade728e
Оңтүстік астанадағы №7 Қалалық клиникалық аурухана хирургтері Крона ауруы, жаралы колит, тоқ ішектің дивертикулярлы ауруы, тік ішек эндометриозы, ішектегі қатерлі ісік пен онкологиялық емес ісіктерді жоспарлы түрде лапароскопиялық тәсілмен емдеп келеді.
Емдеу мекемесі директоры, тәжірибелі хирург Манас Рамазановтың айтуынша, аурухана хирургия саласындағы соны жетістіктерді, соның ішінде отаның жаңа әдіс-тәсілдерін қолданысқа үнемі енгізіп отырады.
Ссылка на пост
Ссылка на пост
“Алматы-біздің ортақ үйіміз” жалпықалалық эко — кампаниясы аясында (8 сәуір – 8 мамыр) Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының қарамағындағы емхананың қызметкерлері медициналық ұйымның аумағын кешенді тазарту бойынша сенбілік өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, қалада “Алматы — біздің ортақ үйіміз”науқаны өтіп жатыр. Мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыру, халық арасында азаматтық жауапкершілік пен оларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Осы кезеңде қаланың барлық аудандарында түрлі шығармашылық және экологиялық іс-шаралар басталады.
Алматыны бәріміз бірге таза әрі әдемі етеміз!