Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
«Дәрігер - балалардың жанашыры» атты тақырыпқа іс-шаралар шеңберінде 2025 жылғы 30 мамырда № 7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емханада мерекелік құттықтауымен басталып, балалар суреттерінің байқауы өткізілді. Байқауға емхананың кішкентай пациенттері қатысты. Жас суретшілер өз суреттерінде дәрігерлерге алғыстарын, қамқорлық, жылулық пен болашақ туралы армандарын бейнеледі. Балалардың суреттері пәк көңілді, шынайы сүйіспеншілікті және мейірімділікті білдірді.
Әрбір балаға естелікке сыйлықтар мен ойыншықтар берілді, бұл балалар үшін жағымды тосын сый болды. Байқаудың атмосферасы қуанышқа, ілтипатқа және қолдауға толы болды.
Мұндай бастамалар балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, эмоционалды жағдайын нығайтуға ықпал етеді, кішкентай пациенттердің денсаулығына қамқор болатын медицина қызметкерлерінің жағымды бейнесін қалыптастырады.