Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
2025 жылғы 23 мамыр күні №7 қалалық клиникалық ауруханаға қарасты емханада «Дәрігер – балалардың жанашыры» атты Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараға балалар дәрігері Ерғали Ш.Е. мен екпе бөлмесінің мейірбикесі Джамешова Т.С. белсенді қатысып, ата-аналар мен балаларға кеңес беріп, профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Шара барысында ата-аналар балалардың денсаулығына қатысты өзекті сұрақтарға жауап алып, профилактикалық тексерулерден өтті.
Сонымен қатар, екпе туралы ақпарат беріліп, жоспарлы вакцинация жұмыстары жүргізілді.
Ашық есік күні тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырып, балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды шаралардың бірі ретінде өтті.
Мұндай іс-шаралар ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнатуға және балалар арасында аурулардың алдын алуға бағытталған.