Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасына көршілес Қытай елінен Шыңжаң медицина университетінің 6-ауруханасының директоры бастаған делегация келді.
Ортопедиялық аурулармен сырқаттанған науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында екі тарап жаңа технология жобалары мен жаңа операциялар және ортопедия саласында күрделі хиургиялық операцияларды жетілдіру, омыртқалықхирургия, оңалту медицинасы, медициналық кадрларды даярлау бойынша және техникалық қызмет көрсету саласындағы ұзақ мерзімді іскерлік серіктестік және басқа мәселелер бойынша ұзақ мерзімді келісім жасасты.
Келісімге Алматы қаласының №7 ҚКА-ның бас дәрігері, профессор Манас Рамазанов және Шыңжаң медициналық университетінің (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының ортопедиялық ауруханасы) жанындағы 6-шы аурухананың директоры Ло Чаохуэй қол қойды.
Екі жақты белсенді ынтымақтастық екі елдің денсаулық сақтау саласында озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді деп күтілуде.