Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

 

Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің есеп беру баяндамамен сөз сөйлеуі

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Манас Рамазанов 2022 жылдың қорытындысы бойынша жылдық есебін берді. Есептік кездесуге Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарлары Н.М.Иманғалиева және Д.А.Хамзин, сондай-ақ медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты.

Алматыдағы ең ірі көпсалалы аурухананың басшысы есеп беру сөзінде №7 қалалық клиникалық аурухананың қызметіне сапалы талдау жасап, оның құрылымына, төсек-орын сыйымдылығына, негізгі көрсеткіштердің серпініне тоқталды, өткен кезеңнің маңызды белестерін атап, аурухананың жылдық қызметінің қорытындысын жариялады, түйткілді мәселелергеде тоқталды.

Басты баяндамадан кейін бас дәрігер Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Иманғалиева №7 қалалық клиникалық аурухана ұжымы мен басшылығына атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдіріп, емхана өз қызметінде жақсы нәтиже көрсетіп отырғанын айтты.