Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емхананың педиатр дәрігері Ерғали Шерхан балаларға «ЖРВИ»-ді қалай алдын алуға болатыны туралы дәріс өткізді.

Балалардағы тұмау мен ЖРВИ-дің профилактикасы қиын емес, тек профилактикалық шараларды тұрақты түрде сақтау қажет.

Оларға:

Күнделікті 2 сағаттан аса таза ауада серуендеу;

Салауатты өмір салты. Яғни, бала барынша көбірек қозғалып, ойындар ойнап, көшеде доп теуіп тұруы керек. Мультфильм көруге барынша аз уақыт бөлу қажет;

Күн тәртібін сақтау. Толыққанды ұйқы – ерте жастағы балалардағы ЖРВИ-дің маңызды профилактикаларының бірі болып табылады;

Бөлмедегі тазалықты сақтау;

Дұрыс тамақтану. Бала рационында қышқыл сүт өнімдері, жемістер, көкөністер, ботқалар, сорпалар барынша көбірек, ал тәттілер барынша аз болуы қажет.