2023 жылдың 24 ақпаны мен 24 наурызы аралығында өткізілген туберкулезге қарсы күрес жалпы республикалық айлығы аясында Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емханада Ашық есік күні өткізілді.
Осы ретте емхана қызметкерлері, атап айтқанда профилактика бөлімінің жауапты дәрігері және фтизиатр Утемуратова Қаракөз Адайқызы, психологтар, СӨСҚ кабинетінің медбикесі, әлеуметтік қызметкерлер профилактикалық тексеру жүргізіп, тіркелген тұрғындарға осы тақырып бойынша сауалнама жүргізді.
Талқыланған мәселелердің қатарында: туберкулез инфекциясы қалай пайда болады, аурудың белгілері болса қайда бару керек, туберкулездің алдын алу және т.б. Ақпараттық-анықтамалық сипаттағы брошюралар жасалып, емхананың теледидар экрандарында туберкулез туралы бейнероликтер көрсетілуде.