Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасына қарасты емхананың қызметкерлері, атап айтқанда, психолог, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің медбикесі бекітілген тұрғындарға «Алкогольдің адам денсаулығына әсері» тақырыбында дәріс өткізді.
Алкоголь қанға еніп, адам мас бола бастайды. Жұтылған алкогольдің шамамен 90% асқазанның шырышты қабығымен сіңеді. Алкоголь орталық жүйке жүйесін бұзады. Ол жүйке жасушаларының қызметін өзгертеді, олардың ішіне енеді. Алкоголизммен ауыратын әрбір екінші науқаста жүрек-тамыр жүйесі зардап шегеді. Алкоголь ұйқы безіне әсер етеді, бауырға, асқазанға және өңешке әсер етеді.
Алкогольден адам миы көп зардап шегеді. Алкогольді ішімдіктерді тұтынатын адамның денесі ішпейтін сау адамның денесінен бірнеше есе тез тозады. Алкогольді сусындар барлық жүйелер мен органдарға әсер етеді, иммунитетті әлсіретеді және жиі ауруларға әкеледі. Ішімдік ішетін адамдардың 45 пайызы жүрек талмасынан өледі. Өз-өзіне қол жұмсайтын ішімдік ішетіндердің саныда аз емес. Алкогольді үнемі қабылдау нәтижесінде пайда болатын және өлімге әкелетін аурулар аз емес.
Өз денсаулығыңызды күтіңіз! Алкогольді шамадан тыс ішуден бас тартыңыз!
https://gkb7.kz/kz/klinika-turaly/zhanalyktar/2895-almaty-alasyny-7-alaly-klinikaly-aurukhanasyna-arasty-emkhanany-yzmetkerleri-atap-ajt-anda-psikholog-salauatty-mir-saltyn-alyptastyru-kabinetini-medbikesi-bekitilgen-t-r-yndar-a-alkogoldi-adam-densauly-yna-seri-ta-yrybynda-d-ris-tkizdi#sigProId6c6a0d558e