Қазақстан Республиксының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына „Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсу,реформалар,даму„ Жолдауы 2015 жылғы 7 желтоқсанда жалпы ауруханалық жиналыста қызметкерлер арасында талқыланды.
Денсаулық сақтау жүйесі Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген барлық тапсырмаларын орындауды мақсат етеді. Елбасы Жолдауында қаржы құралдарын мақсатты...
2015 жылғы 22 қазанда «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы бойынша партия мүшелерінің саны 500-ден астам бастауыш партия ұйымдары арасында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының іріктеу сайысы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша «№7 Аманат» (№7 ҚКА) бастауыш партия ұйымы ІІІ орынды иеленді және құрмет грамотасымен марапаталды.
Бүгін Қазақстан да медицина қызметкерлері күні аталып өтті. Осы айтулы мерекеге орай, Алматы қаласының дәрігерлері еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне арналған гимн шығарды, сондай-ақ әнге клип түсірілді-деп хабарлады тілші.
Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда.
№7 ҚКА қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстану үшін және медицина қызметкерлері күніне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылған жарыстарға қатысты:
05.03.2014 ж №7 Қалалық клиникалық ауруханаға Саутгемптон Универститетінің (Ұлыбритания) өкілдері профессорлар Д. Дренан, Д.Девис және Д.Хайнес келді. Бұл кездесуді С.Д. Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ ұйымдастырды. Келу мақсаты- ірі көпсалалы қалалық аурухана мысалында Қазақстан денсаулық сақтау жүйесімен танысу. Шетелдік қонақтар стационар құрылымымен, бөлімшелермен таныстырылды: трансплантация, реанимация, операциялық бөлім, гемодиализ орталығы, КТ және МРТ кабинеттері, консультациялық-диагностикалық орталық.
Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаттары Гүлнар Мұстахимқызы Иксанова ( мәдени-әлеуметтік даму бойынша комитет) және Айткүл Байғазықызы Самакова (экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитет ) және «Нур Отан» ХДП фракция мүшелері М.С. Омаров., К. Адильбек Алматы қаласы №7 қалалық клиникалық ауруханасына келді. Делегация аурухананы аралау кезінде медициналық көмек көрсетудің ұйымдастыру принциптерімен, клиниканың құрылымыен таныстырылды. Депутаттар трансплантация және гемодиализ бөлімшелерінде болды. Палатада пациентермен тілдесті. Медициналық көмек көрсету деңгейі туралы сұрастырып, өтініштерін тыңдады.
Гемофилия — бұл тұқым қуалаушы дерт, көбінесе ұл балаларға беріледі.(қыз балаларда кездесетін С гемофилия түрінен басқа). Гемофилияның негізгі белгілері болып ұзақ уақыт қан кету, жергілікті жарақаттың үлкен көгеруі (гематомалар), қызметін бұзып буындарға қан кету және т.б. Гемофилияны диагностикалау зертханалық әдістерге негізделген, ол қанның ұйылу факторлар санын анықтайды.