Президент Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы бойынша бас дәрігердің пікірі
Алматы қаласының №7 ҚКА бас дәрігері, профессор М.Рамазанов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына қатысты пікірін білдірді:
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауы күллі еліміз үшін маңызды оқиға. Ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының өсуіне септігін тигізеді. Президент өзінің әр жолдауында халқымыздың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасының жақсаруына ерекше көңіл бөледі.
Алматы қаласындағы № 7 Қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері М.Е. Рамазановтың ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 ж. 5 қазанда жасаған Жолдауына қатысты пікірі.
Алматы қаласының №7 ҚКА бас дәрігері, профессор М.Рамазанов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына қатысты пікірін білдірді:
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауы күллі еліміз үшін маңызды оқиға. Ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының өсуіне септігін тигізеді. Президент өзінің әр жолдауында халқымыздың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасының жақсаруына ерекше көңіл бөледі.
Ұлт көшбасшысының осы жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне арналып, халықтың әл-ауқатының әрі қарай өсуі мен қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға арналған.
Біз, елдің медициналық қауымдастығы, мемлекет басшысының Қазақстан халқының игілігіне бағытталған жобаларына қолдау көрсетеміз. Сонымен бірге, әр медициналық қызметкер өз жұмыс аумағында Президент қойған міндеттерді орындауға бар күшін салатынына сенім білдіремін.
Елбасы жолдауында өткен уақыт кезеңінде еліміздің дамуы қорытындыланып, қазіргі даму сатысында басты мәселелер айтылып, жақын келешекке нақты жоспарлар мен мақсаттар айқын көрсетілген. Елбасының жыл сайынғы Жолдауы өмірдің әр саласын қамтиды.
Жолдаудың денсаулық сақтау саласының мәселелері айтылған «Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады» атты 6-бағытында Президент ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Мемлекет, Президенттің жеке өзі отандық медицинаның дамуына зор көңіл бөліп келеді.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлері ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен 20 пайызға өседі. Жолдауда көрсетілген ең маңызды мақсаттардың бірі – медицинаны цифрландыруды дамыту. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикадағы барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық төлқұжаттарын жасауға, ал осы арқылы кезектерді жоюға және қызмет көрсету сапасын арттыру міндеті қойылды. Жолдауда онкологиялық қызмет көрсетуді дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Нұрсұлтан Назарбаев: «Осыған дейін жасалған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдаланып, 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керек. Осылайша біз көптеген адам өмірін сақтап қаламыз.»,- деп мәлімдеді.
Алматы қаласындағы №7 Қалалық клиникалық ауруханысының ұжымы Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындауға әркез дайын екенін атап өткім келеді.
№7 ҚКА 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде азаматтардың қажеттіліктерін өтеу үшін халыққа медициналық қызмет көрсету деңгейін жақсарту мақсатында алдыңғы қатарлы әлемдік медицина деңгейінде инновациялық әдістер мен аурулардың диагностикасы және емдеу тәсілдерін енгізу бойынша шаралар жүргізіп жатыр.
Стационарларды науқастарға қызмет көрсетудің жаңа стандарттарына көшіру аясында клиника 2018 жылдың 1-шілдесінен бастап медициналық құжаттаманы цифрлық жүргізуге көшті. Біз алдағы уақытта ақпараттық жүйені модернизациялау кезінде жаңа технология мен есептеу техникасы саласындағы жетістіктердің мейлінше қолдануға тырысамыз.
Республикадағы ең ірі клиниканың жетекшісі ретінде, мен барлық ұжым атынан Қазақстан халқының бірлігі арқасында көптеген белесті бағындырғаны және «татулық пен бірлікті сақтасақ, біз бағындырмайтын белес жоқ!» туралы Ұлт көшбасшысының айтқан сөздерін қолдайтынымызды білдіргім келеді.
Осы Жолдауды, сонымен бірге Президенттің өзге де жобалары мен бастамаларын негізге ала отырып, біз, қазақстандықтар, тәуелсіз мемлекетіміздің ұзақ мерзімді мақсаты - халықтың игілігі және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруін жүзеге асыруда табыстарға жетеміз!