Қалалық клиникалық №7 аурухана мекемесінің емханасында 15 - мамыр «Халықаралық отбасылық күніне» байланысты мерекелік іс- шара өткізілді.
Емхананың психологы – Айгүл Сарбасова мен «Баланың даму бөлмесінің» медбикесі – Мәдина Шекербекова жас отбасылармен Баланың даму бөлмесінде жас отбасыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ал осы емхананың психологтары...
Емхананың психологы – Айгүл Сарбасова мен «Баланың даму бөлмесінің» медбикесі – Мәдина Шекербекова жас отбасылармен Баланың даму бөлмесінде жас отбасыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ал осы емхананың психологтары: Маржан Каттебаева мен Салтанат Таракова «Отбасын жоспарлау бөлмесінде» отбасы мүшелеріне «Отбасылық құндылықтар» атты баяндама оқып, жас отбасыларға психологиялық кеңес пен ақпараттар беріп өтті.
Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады.
Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Ер мен әйел – отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.