Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

№184 қалалық жалпы білім беретін мектепте №7 Қалалық клиникалық ауруханасының емхана қызметкерлері көшеде және жолдарда балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру, жол қозғалысы ережелерін және жол белгілерін білуге ​​ықпал ету мақсатында тақырыптық сабақтар өткізді.
Емхананың психологы Каттебаева М.З. «Жол ережесі» тақырыбында семинар және де «Мас күйінде көлік жүргізудің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Қоғамның назарын аудару мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігі, психобелсенді заттарды қолдануды және алкоголді қолданудың кеңінен таралған әсері туралы оқушыларды ақпараттандырды.


Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мейірбикесі Боранкулова Г. Е. мотивациялық кеңес беру қағидаларын ескере отырып, ішімдікті азайту, психологияға белсенді әсер ететін заттарды төмендету мақсатында жеке деңгейде мінез-құлықтың өзгеруі бойынша мектеп оқушыларына профилактикалық кеңесті ұйымдастырды.


Сонымен бірге жалпы тәжірбиелік дәрігер Туйлыбаева К.А. медициналық қызметкерлерге және емхана емделушілеріне мінез-құлық қауіп-қатері факторлары мектептерінде сабақ ұйымдастырды, әсіресе алкогольдік ішімдіктер, өзін-өзі басқару дағдылары, өзін-өзі бақылау, денсаулығына жауапкершілік, өзін-өзі бақылау күнделіктерін таратумен негізгі ақпаратты түсіндіру арқылы сабақ өткізді.


Соңғы жылдары автомобилизацияның күрт өсуікөп қиындық туындатты, оның ішінде жол-көліктік жарақаттары көбіне«ұлттық апат» сипатына ие болуда.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамдарына сәйкес 2030 жылға қарай жол апаттары инфекциялық генез мен қант диабеті ауруларынан кейін адам өлімінің 7-ші себебі болуы мүмкін. Жыл сайын 1,2 миллионнан астам адам жол-көлік оқиғаларынан (жол-көлік оқиғаларында) қайтыс болып, тағы 20-50 миллионға жуық адам жарақат алатындығы, бұл мәселенің ауқымдылығы мен қауіптілігін көрсетеді.

Ұлттық бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
Жол-көлік оқиғасының алдын алу және соның нәтижесінде орын алатын жарақаттарды, мүгедектікті және болжамды өлім-жітім деңгейін қысқарту - басты мақсаты болып табылады.