МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІН МАҚТАНЫШЫМ!
Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емханада 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны күнін мерекелеу аясынында патриоттық фото- акция өтті.
Емхананың барлық қызметкерлері мерекені атап өтуге белсенді қатысты, Қазақстанның мемлекеттік туының аясында ұжымдық және жеке суретке түсті.
Бұл игі шараның мақсаты – мемлекетіміздің басты рәміздеріне құрмет көрсету. Бұл шара ұлтты ортақ мүддеге ұйыстырып, патриоттық құндылықтарды сақтау мен келешекке жеткізудің қаншалықты маңызды екенін барлығына еске салды.
Осы ретте емхана ұжымы «Көк тудың желбірегені» атты флешмоб өткізді.
Іс-шараның мақсаты – патриоттық рухты қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және азаматтық бірегейлікті нығайту.
Флешмобта патриоттық әндер орындалып, мемлекеттік туды желбіретумен, мемлекеттік рәміздердің мәніне арналған шағын баяндамалар жасалды.
Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлері мен мекемеге келушілер арасында патриоттық сезімді, жалпыұлттық бірлік пен ұйымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді.




