Алматылық жас қыз роликтен құлап жұлынына зақым алып, мүгедек болып қала жаздады.
29 жастағы алматылық қыз роликтен құлап, ауыр жарақат алып, Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Пациентке «омыртқаның жабық жарақаты» диагнозы қойылды. «Жұлынның өткізгіштік функциясының ішінара бұзылуымен дененің Th12 омыртқасының 2 дәрежелі компрессиялық-жарықшақтанған сынығы».
Науқастың жұлынына зақым келгендіктен, аяқ-қолы функциясының қызметі бұзылып, қозғалысы шектелді.
Жас қыздың мүгедек болып қалу қаупі болды. Бірақ нейрохирург дәрігерлердің, реаниматолог-анестезиологтардың, реабилитологтардың, психологтардың мультидисциплинарлық топтың бірлескен жұмысының, аса зор күш-жігерінің және кәсібилігінің арқасында науқасты төсекке таңылып қалудан сақтап қалды.
Ол шұғыл түрде нейрохирургиялық жұлын бөлімшесіне жатқызылды. Омыртқаға жоғары деңгейде күрделі операция жасалғаннан кейін, пациент оңалтудан өту үшін нейрореабилитация бөлімшесіне ауыстырылды. Хирургиялық операция және оңалту емдеу курсы МӘМС шеңберінде жүргізілді.
«Қыз бөлімшеге келіп түскен кезде кереуетте аунап, қозғалуы қиындық туғызды, өз бетінше отыра да алмады.
Пациентті мультидисциплинарлық топ тексергеннен кейін, оған жеке оңалту бағдарламасы жасалды: тігінен тұрғызу, күніне 50 минуттан жеке кинезиотерапия, велоқұрылғыда механикалық терапия, жүріс имитаторында механикалық терапия, аяғына массаж жасалды және магниттік терапия берілді, аяқтың белгілі бір бұлшық еттеріне электрлік ширату емі қолданылды, сондай-ақ психолог маманның кеңесі берілді», - деді № 7 ҚКА-ның оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Жиренбаева.
Дәрігердің айтуынша, пациент өзінің әр басқан қадамы үшін күресті.
Емдеу курсы аяқталғанннан кейін пациент керуетте өз бетінше қозғалып, отыра алатын дәрежеге жетті, аяқ бұлшық еттеріне күш бітті. Қыз өз бетінше жүре бастады, әрі қарай дәлізде туысқандарының барынша аз қолдауымен жүре бастады. Ол әрі қарай оңалтудың 3-кезеңін жалғастыру үшін мекенжайы бойынша емханаға жіберілді.
Алматы ауруханалары цифрлық жүйеге көше бастағалы биыл 6 жылдың жүзі болды
Алматы ауруханалары цифрлық жүйеге көше бастағалы биыл 6 жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында қаладағы емханалардың көпшілігі цифрлық жүйеде жұмыс істеп келеді. Сондай емдеу орталықтарының бірі – №7 клиникалық аурухана. Бүгінде мұнда екі мыңға жуық маман қызмет атқарады десек, қабылдау пунктінің өзінде күн сайын 300-ден аса адамға шұғыл көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
ШЕТЕЛДІК МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«International Service Network» компаниясының өкілдері 2024 жылғы 5-6 маусым аралығында Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасына денсаулық сақтау саласында ұзақ мерзімді, өзара тиімді серіктестік қарым-қатынас орнату мақсатында іс-сапармен келді.
Бұл іс-сапар екіжақты байланыс орнату және бірлескен жобаларды жүзеге асыру, медицинаның нейрохирургия, гематология, травматология және ортопедия саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мақсатын көздейді.
«International Service Network» компаниясы 100-ден астам халықаралық медициналық туризм агенттіктерімен, 24-тен астам елде 200 клиникамен, соның ішінде Қазақстан клиникаларымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Ынтымақтастықтың мақсаттары мен міндеттері: медицина қызметкерлерін шетелдерде оқытуды ұйымдастыру арқылы кәсіби біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, медицина саласында қызмет көрсету сервисін дамыту.
Делегация құрамында «Manipal Health Enterprises Pvt» стратегиялық бизнес және халықаралық маркетинг бөлімінің басшысы Mr.Vikas Tayer, «GOA clinic Healthcare Pvt Ltd» компаниясының бас директоры Dr. Pankaj, Parthasarathi ресейлік филиалдың директоры және басшысы Dr.Priya, «Manipal Health Enterprises Pvt» халықаралық медициналық қызметтер жөніндегі менеджер Mr.Manish Bakshi, «Manipal Hospitals» жетекші онколог-хирургі Dr. Аnadi Pachaury бар.
ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҒЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕЙІК❗️👍
7 Қалалық клиникалық аурухана Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығының ұлттық аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті және 1 санат дәрежесін 3 жылға растады ( 2024 - 2027 жж.)‼️
Бұл куәлік денсаулық сақтау субъектісінің қызметінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін куәландырады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
4 маусымда Қазақстанда еліміздің Мемлекеттік рәміздері күні атап өтіледі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады. Конституциялық заңмен бекітілген мемлекеттік рәміздер еліміздің айрықша белгілері болып табылады.
Азаматтық пен отансүйгіштікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу мен қастерлеуді дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емхана қызметкерлері «Туымыз-төрімізде» атты флешмоб және «Менің туым -менің мақтанышым!» челленджін өткізді. Емхана ғимаратының алдында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды. Осы ретте патриоттық рухты тәрбиелеуге бағытталған дәстүрлі «Көк тудың астында» ұлттық акциясын қолдау мақсатында семинар өтті. Видео көру үшін