Ресинхрондау терапиясының заманауи әдісін қолдану бойынша мастер-класс
Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасында алғашқы рет жүректің өткізгіштік жүйесіне электродтарды имплантациялаудың заманауи әдісін қолдана отырып, жүрек-қан тамырлары ауруларын хирургиялық емдеудің жаңа әдісі қолданылды. Операциялар Вроцлав медициналық университетінің (Польша) профессоры Яцек Гайектің қатысуымен шеберлік –сағаты аясында өтті.
Шеберлік сағаты шеңберінде жүрек өткізгіштігінің бұзылуы салдарынан ұзақ уақыт бойы зардап шеккен 4 отандасымызға шұғыл операция жасалды