«Бақытты балалық шақ» атты іс-шара өткізілді
Бүгін, 31 мамыр күні Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық ауруханаға қарасты емханада 1 маусым-балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты іс-шара өткізілді.
Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Баланың ең сенімді қорғанысы-дені сау, тату, берекелі бақытты отбасы.
Мереке күні емхана қызметкерлері барлық кішкентай емделушілер мен олардың ата- аналарын мерекемен құттықтап, балалар арасында түрлі сайыстар өткізіліп, мерекелік сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде ата-аналар емхана ұжымына балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін өз ризашылықтарын білдірді.
🎈🎈🎈🎈