Қазақстан Президенті Жолдауындағы алдыңғы кезектегі міндеттердің бірі – бірінші санаттағы денсаулық сақтау және дені сау ұлт»
Алматы қ. №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, профессор М. Абдуллаев: «Қазақстан Президенті Жолдауындағы алдыңғы кезектегі міндеттердің бірі – бірінші санаттағы денсаулық сақтау және дені сау ұлт».
Алматы қ. №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, профессор М. Абдуллаев: «Қазақстан Президенті Жолдауындағы алдыңғы кезектегі міндеттердің бірі – бірінші санаттағы денсаулық сақтау және дені сау ұлт».
Алматы қаласының №7 МКА-ның бас дәрігері, 17-ші сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаты, профессор Абдуллаев М.Ш. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы жайында:
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы - әрбір қазақстандық үшін және күллі ел үшін баға жетпес маңызды оқиға. Ұлт лидерінің жолдауы Қазақстан дамуының келешекке арналған нақты бағдарламасы бола отырып, оның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге жетелейді. Жолдауда халықтың әл-ауқаты мен қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға қатысты өзекті мәселелер көрініс тапқан.
Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында Қазақстанның өткен уақыт кезеңіндегі дамуы қорытындыланып, елдің бүгінгі таңдағы дамуының негізгі мәселелері мен сұрақтары айтылған. Әсіресе, халықтың зор қызығушылығына ие нақты жоспарлар мен міндеттер бекітілген мәселелерге көп көңіл бөлінген. Елбасының жыл сайынғы Жолдауы барлық салаларды қамтиды.
Мемлекет басшысы Жолдаудың 7-ші бағытында алдыңғы қатардағы мақсаттардың бірі ретінде дені сау ұлт үшін бірінші санаттағы денсаулық сақтау саласын дамытуды белгілеген. Бұл – уақтылы үндеу. Мемлекеттің болашағы ұлт денсаулығына тәуелді. Мемлекет және президенттің жеке өзі отандық медицинаның дамуына көп көңіл бөлетінін ерекше айтып өткен жөн. Жолдау – 2018 қазіргі шындықты есепке ала отырып, денсаулық сақтау саласын дамытудың жаңа кезеңінің басталуын білдіреді. Жолдаудағы басты міндеттердің бірі - медицинаны цифрландыру, электрондық денсаулық төлқұжатын жүйелі енгізу, «қағазсыз» тасымалдаушыларға көшу. Жолдауда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшу қажеттігі туралы айтылған. Бұл өз кезегінде мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершіліктеріне әкеледі. МӘМС жүйесіне қатысу, ерікті медициналық сақтандыру, сонымен бірге тең төлемдер қағидасы азаматтарға тегін медициналық көмек көлеміне кірмейтін қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Медициналық көмек көрсетуді аурулар жүйесінен емдеу жүйесіне максималды түрде көшіру мақсаты қойылған. Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында атап өткендей: «Замануи денсаулық сақтау саласы қымбат тұратын стационарлық емдеуге емес, аурулардың алдын алуға бағытталуы тиіс». Қазіргі заманғы медицина негізінде салауатты өмір салтын тұр. Осы орайда 7-ші ҚКА ұжымы Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын және Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау үшін бар күшімізді салатынымызды айта кеткен жөн.
7-ші ҚКА-да денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік Денсаулық» бағдарламасын іске асыру барысында бірқатар жұмыстар атқарылды. Соның ішінде халықтың медициналық қажеттіліктерін өтеу мақсатында халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, инновациялық әдістер мен аурулардың диагностикасы мен оларды емдеу шаралары енгізілді. Бұған қоса, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі аясында медициналық мекемелердің мүмкіндігі артты. Алматының алғашқы клиникасы - 7-ші ҚКА емделушілеріне қызмет көрсету аясында стационарлардың жаңа стандарттарға көшуі қабылдау бөлімінің жаңа триаж-жүйесі сияқты қажетті ресурстармен толықты. Аурухананың қабылдау бөліміндегі емделушілерді сұрыптау жүйесі стационардағы медициналық көмекті ұйымдастырудың жақсаруына бағытталған. 2017-ші жылдың 1-ші шілдесінен клиникадағы науқастарды қабылдау бөлмесінің жұмысын жаңғырту мақсатында қабылдау бөлімінің менеджері қызметі ашылды. Бұдан өзге, ақпараттық-ағартушылық акцияларын ұйымдастыруға баса назар аударылуда. Соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттауға едәуір маңыз беріліп жатыр. Мамандардың біліктілігін жетілдіру шаралары қолға алынып, жетекші шетелдік мамандардың қатысуымен семинарлар мен конференциялар көптеп ұйымдастырылып жүр. Біз негізінде жаңа технологиялар мен есептеу техникасын қолдана отырып, ақпараттық жүйені жаңғыртуға көп мән береміз. Сондай-ақ, науқастардың ауру тарихы жазылған «MedStory» медициналық-ақпараттық электронды жүйе кезең-кезеңімен енгізілуде. Клиника базасы аясында сандық архив ашу жоспарланып отыр. Ол медициналық құжаттармен жеңіл жұмыс істеуге арналған.
Елбасы жолдауын негізге ала отырып, халқымыз үздік 30 елге кіру мақсатына қол жеткізетініне еш күмән жоқ!