"Нұр Отан" партиясының мүшелерінің кезектен тыс отырысы
"Нұр Отан" партиясының және Алғыс айту күндеріне орай №7 қалалық клиникалық ауруханың үлкен конференц-залында партияның кезектен тыс жиналысы өтті.
Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ахметов Уәлихан Исаұлының атынан бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары Бекішев Бақтияр Мырзашұлы клиника қызметкерлерін құттықтады. Партияның туған күніне орай, оның 18 жылда жеткен жетістіктері айтылды. Қымбатты оқырмандар, сіздерге деген алғысымыз шексіз.
Біз еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға береке, деніңізге саулық тілейміз. Еліміз тыныш болсын.