Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Уақытылы көрсетілген сапалы медициналық көмек, сіздің өмір жасыңызды ұзартып қана қоймай, оның сапасын да арттырады.

Уақытылы көрсетілген сапалы медициналық көмек, сіздің өмір жасыңызды ұзартып қана қоймай, оның сапасын да арттырады. Ауырып жүрген жағдайда, білікті маманға тап болған өте маңызды. Бүгін біз өздеріңізді жоспарлы хирургия бөлімі мен Алматыдағы қалалық мекемелер жүйесіндегі жалғыз гепатопанкреатобилярлы хирургия орталығының жұмысымен таныстырамыз. Осы жерде, сіз кез-келген бауыр, өт, ұйқы безі, көкбауыр ауруларын хирургиялық тәсілдермен емдей аласыз. Құрсақ қуысындағы барлық дене мүшелерін біздің дәрігерлер жақсы емдейді. Осы аурулардың уақытылы емделуі адамның физикалық жағдайына және психологиялық сезіміне жағымды әсер етеді. Адам, қоғамның толыққанды, белсенді мүшесі болып өмір сүре алады.

Бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, РАЕН шетелдік мүшесі, Алматы қаласының бас трансплантологы, Сахипов Мұса Меңдібайұлы. Жалпы еңбек өтілі 21 жылдан асып кетті, ҚК №7 ауруханасында 2011 жылдан бері еңбек етіп келеді. Өзі және оның жұмысшылары қаладағы трансплантология саланың негізін қалағандар. Сондай-ақ, бөлемшеде еліміздегі жалғыз әйел трансплантолог, медицина ғылымдарының докторы, денсаулық сақтау саласының үздігі Бетирова Дагмара да еңбек етеді.

2012 жылдан қалалық клиникалық №7 ауруханасында 200 астам ішкі органдардың транспалантациясы жасалды. Айта кететін маңызды жайт, барлық оталар лапароскопиялық әдіспен жасалады. Демек, кесілген жердің тігістері 5-6 см. аспайды. Бұл да донор денесінің сымбаттылығын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, аурулардың жылдам жазылып кетуіне аз инвазивті әдіс-тәсілдер де әсер етіп отыр.